27.12.2024, 11:36 23431

Қазақстан президенті жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан президенті жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы Жарлыққа қол қойды
Қазақстан президенті жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:


1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", деп көрсетілген жарлық мәтінінде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны