06.10.2021, 14:25 61142

Мәжіліс жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін заң жобасын жұмысқа қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. 6 ҚАЗАН - Мәжіліс "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын қабылдады.
 
Депутат Александр Милютиннің айтуынша, заң жобасы адамдар мен жануарлар арасындағы күнделікті қатынасты реттеу мақсатында әзірленген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
 

Заң жобасының негізгі міндеттері: жануарлармен қарым-қатынаста жалпы және арнайы талаптарды белгілеу, жануарларды қатыгездіктен, азап көрсетуден, өлімнен қорғау, қоғамның адамгершілік қасиетін нығайту, үйсіз жануарлардың санын реттеу үшін ақпарат қолжетімді болуы", - деді Милютин Мәжіліс отырысында.

 
Сондай-ақ, заң жобасында БАҚ-тың барлық түріне жануарларға қатыгездік көрсетуді насихаттауға тыйым салынған.
 
Депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдаған.
 

Түзетулер төрт заңнамалық актіге, соның ішінде Қылмыстық кодекстің "жануарларға қатыгездікпен қарау" 316-бабына енгізіледі. Сондай-ақ, жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге, бұл әрекетті орташа дәрежедегі қылмыстар қатарына ауыстыруға бағытталған", - деп толықтырды депутат.


Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны