13.06.2022, 16:47 17841
Қазақстанда жаңа облыстарды құру қандай ресурстарды қажет етеді
Сурет: ОКҚ
Бюджет қаражатын бөлу мәселесі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен қаралады", - деді спикер.
Оның айтуынша, 3,5 млрд теңге Алматы облысына, 7,6 млрд теңге Ұлытау және 839 млн теңге Абай облысына бөлінеді.
Екі облыста әкімдік ғимараттары бар, Алматы облысында ғимарат уақытша жалға алынады.
Әкімшілік-аумақтық қайта құрылулар аумағы 935 мың шаршы км аумақта тұратын шамамен 5 млн тұрғынның өміріне әсер етеді. Оның ішінде ауданы 493 мың шаршы км болатын Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында шамамен 1,5 млн адам тұрады", - деп хабарлады Қуантыров.
Ол жаңа облыстардың пайда болуы бүкіл ел экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететінін атап өтті.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Абай облысы бойынша ЖӨӨ көлемі 2 трлн теңгеге дейін, Жетісу облысы бойынша 1,1 трлн теңгеге дейін, ал Ұлытау облысында ЖӨӨ 1,3 трлн теңгені құрайды деп күтілуде", - деді министр.
Оның айтуынша, жан басына шаққандағы ЖӨӨ (жалпы өңірлік өнім. - Ескерт. KAZAKHSTAN TODAY) 2022 жылы Абай облысы бойынша – 3,1 млн теңге, Жетісу облысы бойынша - 1,6 млн теңге деңгейінде, ал Ұлытау облысында бұл көрсеткіш 5,5 млн теңге деңгейінде болады деп болжанып отыр, бұл 2021 жылға қарағанда 30%-ға артық.
2022 жылы Абай облысының жеке кірістері 70 млрд теңгені, Жетісу облысында – 58 млрд теңгені, Ұлытау облысында – 48 млрд теңгені құрайды", - деді министр.
Бұл ретте алдын ала болжамдық есептер бойынша, жаңадан құрылған Алматы облысы, ең аз шығындар көлемімен болса да, перспективада республикалық бюджеттің доноры бола алады. Сондай-ақ жаңадан құрылған өңірлер бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі артады деп күтілуде, оның ішінде Абай облысы бойынша – 1 трлн теңгеге дейін, Жетісу облысы бойынша - 275 млрд теңгеге дейін, Ұлытау бойынша - 855 млрд теңгеге дейін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
25.04.2025, 15:16 18491
Активтерді қайтару: Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жобалары жүзеге асырылуда. Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қаражат 11 нысанның: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысына бағытталды.
2025 жылы Ақтөбе облысының келесі аудандарында фельдшерлік-акушерлік пункттер:
Ырғыз ауданы, Нұра ауылы
Байғанин ауданы, Ноғайты ауылында салынады.
Сондай-ақ медициналық пункттер:
Шалқар ауданы, Шоқысу ауылы,
Шалқар ауданы, Сарысай ауылы,
Мұғалжар ауданы, Жарық ауылы,
Шалқар ауданы, Тоғыз ауылы,
Қобда ауданы, Бегалы ауылы,
Ырғыз ауданы, Жарма ауылында салынады.
Дәрігерлік амбулаториялар:
Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылы,
Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы,
Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында салынбақ.
Медициналық мекемелердің барлығы тәулігіне 25-45 келушіге қызмет көрсетуге есептелген, бұл жергілікті тұрғындар үшін сапалы медициналық қызметтің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2025, 15:08 18726
Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының екі орынбасарын тағайындады
Тоқаев Атом энергиясы агенттігі төрағасының екі орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Тимур Мифтахұлы Жантикин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына, Әсет Кеңесбекұлы Махамбетов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2025, 15:06 19131
SCAT әуе компаниясына жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін айыппұл салынды
SCAT әуе компаниясына жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ағымдағы жылдың 25 ақпанында "Өскемен- Астана" рейсінің жолаушылары ұзақ кешігудің кепіліне айналды: күндізгі уақытта рейстің кешігуі сегіз сағаттан артық болғанына қарамастан, әуе компания оларды қонақ үйде уақтылы орналастыруды қамтамасыз етпеген.
Тек кешкі сағат онға қарай кезекші прокурордың араласуынан кейін жолаушыларға демалуға орын берілді. Адамдар күні бойы әуежайда тиісті қызметсіз ұшуды күтті.
Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасы азаматтардың құқықтарының бұзылуына ден қойды. Тексеру қорытындысымен авиакомпания әкімшілік жауапкершілікке тартылды - ҚР ӘҚБтК-нің 567-бабының 2-бөлігімен 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2025, 14:59 19506
Көкшетау қаласындағы жылу көзін жөндеуге 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын азайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы жылу көзінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен шамамен 1,1 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Құжатқа сәйкес, 2025-2026 жылдарға арналған жылу беру маусымына дайындық және кезеңнің іркіліссіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында Көкшетау қаласының жылу көзінде (АҚ-2) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Ақмола облысының бюджетіне қаражат аударылады.
Бөлінген қаражат "Көкшетау жылу" кәсіпорнының технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін және бақылау-өлшеу аспаптарының далалық деңгейін және ссу жылытатын тозаң көмір қазандығының автоматикасын, сондай-ақ қазандық агрегатының қыздыру беттерін реконструкциялау, қазандық агрегатының ауа жылытқыштарының текшелерін жөндеу, технологиялық ресурсы таусылған жабдықтардың бірліктерін жөндеу және ауыстыру жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.
Еске сала кетейік, Көкшетау қаласының нысандарын жылумен жабдықтау №1 аудандық қазандық (мазут) және №2 аудандық қазандықтары (көмір) арқылы жүзеге асырылады. Алайда жылумен қамтамасыз етудің негізгі көзі тозаң көмірмен жұмыс істейтін №2 аудандық қазандығы болып қала береді. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 188,7 шақырым ( 51 км - магистралды, 137,7 км - орамішілік). Желілердің негізгі бөлігі 1977 жылдан бері жұмыс істеп тұр.
2024 жылы Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен ұзындығы 6 шақырым магистралды желі жөнделді, сондай-ақ № 2 және № 3 қазандық агрегаттарына жөндеу жүргізілді. Нәтижесінде, ағымдағы жылыту кезеңінде тозу көрсеткіші 45%-дан 43%-ға дейін төмендеді, жылу желілеріндегі технологиялық бұзылулар саны 62-ден 47-ге дейін азайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2025, 14:56 19771
Тоқаев UEFA президентімен білім беру және алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру барысын талқылады
Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді.
Президент бүгінде 1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданатынын айтты. Бұл - спортпен айналысатын азаматтарымыздың 13 пайызы. Бұдан аталған спорт түрінің бұқаралық сипат алғанын көруге болады.
Мемлекет басшысы отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастырып, клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді.
Александер Чеферин кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Президентке алғыс айтып, Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін Александер Чеферинді II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2025, 10:28 24151
Балқаш көлінде су деңгейі артты
Бір жылда Балқаш көлінде су деңгейі Балтық жүйесі бойынша 341,52 метрден 341,64 метрге дейін, яғни 12 сантиметрге көтерілді. Ал су көлемі 2 млрд текше метрге ұлғайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылдың басынан бері Қапшағай су қоймасынан Балқашқа 3,8 млрд текше метр су жіберілді. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 2,9 млрд текше метр болатын.
Бұл өңірдің экологиялық ахуалына және Іле өзенінің сағасына оң әсерін тигізіп отыр. Қапшағай су қоймасын толтыру Ақдала және Шеңгелді суармалы алқаптарында суару маусымын жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.
Балқаш көліндегі су көлемі трансшекаралық Іле өзеніне байланысты. Өзен ағысы Қапшағай су қоймасы арқылы реттеледі. Биыл су қоймасынан Балқашқа 12 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр.
Министрлік Балқаш көліне қажетті су көлемін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Келесі аптада Франциядан келген сарапшылармен бірге Балқашты сақтау бойынша 2040 жылға дейінгі мастер-жоспарды әзірлеу мәселесін талқылаймыз. Былтыр біз көл алабын бірлесіп зерттеу туралы келісімге қол жеткізгенімізді еске салғым келеді",- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2025, 15:14 51016
2025 жылдың басынан бері 3,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2025 жылы 3 203 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 151 мыңнан астам этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (48,1%) Қытайдан, 39,5% - Өзбекстаннан, 5,8% - Түрікменстаннан, 2,5% - Монғолиядан, 1,9% - Ресейден және 2,2% басқа елдерден.
Осы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,1%-ды және зейнеткерлер 8,2%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,9%-ы жоғары білімді, 27,8%-ы орта кәсіби білімді, 52,9%-ы жалпы орта білімді, және 1,4% білім жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.
Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 642 қандас қоныс аударды.
Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады - бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге - бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-ден 118 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.
Жыл басынан бері 147 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 94 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,56 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2025, 14:56 51766
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтуде
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтуде, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Бүгінгі басқосудың тарихи мән-маңызы айрықша. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Баршаңызға құтты болсын!
Бұл - бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасты.
Ассамблея тарихы еліміздің егемендік жылнамасымен тығыз астасып жатыр. Ұйым 1995 жылы Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылғанын білесіздер. Бұл бастама қазақ мемлекеттілігі қалыптасып жатқан қиын кезеңде терең саяси мәнге ие болды. Консультативтік-кеңестік орган ретінде жасақталған Ассамблеяға 2007 жылы конституциялық мәртебе берілді. Ұйым жалпыұлттық бірліктің негізгі моделіне айналды.
Елімізде соңғы жылдары атқарылған ауқымды өзгерістердің арқасында Ассамблея қызметі жасампаздықтың жаңа сипатына көтерілді. Сенаттың бес депутатын Ассамблея кеңесінің ұсынысымен Президент тағайындайды. Бұл қадам заңнамалық деңгейде барлық этностың мүддесін қорғау мүмкіндігін едәуір арттырды.
Оған қоса, Қазақстан парламентаризмі тарихында алғаш рет "Бір ел - бір мүдде" атты палатааралық депутаттар тобы құрылды. Бұл топ қоғамдық келісімді нығайту мәселелерімен айналысады. Қазір мемлекеттік органдар түгел Ассамблея жұмысына атсалысады. Министрліктерден, облыс әкімдіктері мен барлық деңгейдегі мәслихаттардан бастап ауыл әкімдіктеріне дейін одан шет қалмайды", деп мәлім етті мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
25.04.2025, 10:28Балқаш көлінде су деңгейі артты 25.04.2025, 14:56 19121Тоқаев UEFA президентімен білім беру және алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру барысын талқылады25.04.2025, 14:59 18856Көкшетау қаласындағы жылу көзін жөндеуге 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді25.04.2025, 15:06 18481SCAT әуе компаниясына жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін айыппұл салынды25.04.2025, 15:08 18076Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының екі орынбасарын тағайындады
21.04.2025, 12:14 69706Әкімдердің орынбасарлары жылыту маусымындағы ақаулар үшін жазаланады21.04.2025, 12:25 69601Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейі 16,8%-ға төмендеді21.04.2025, 11:09 58326Алматыда "Алматы жастары" бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау қорытындысы шығарылды23.04.2025, 18:52 Тоқаев Пахалгам қаласындағы лаңкестік әрекетке байланысты Үндістанның премьер-министріне көңіл айтты56296Тоқаев Пахалгам қаласындағы лаңкестік әрекетке байланысты Үндістанның премьер-министріне көңіл айтты23.04.2025, 18:40 56241Түркияда жер сілкінісінен кейін қазақстандықтардан өтініштер түскен жоқ - СІМ
10.04.2025, 15:14 112836Алматыда биыл жаяу жүргіншілер өткелдері мен тротуарларды жарықтандыру деңгейі күшейтіледі18.04.2025, 17:23 112396Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды03.04.2025, 16:52 111696Алматыда әлеуметтік саладағы көмекші персоналдың жалақысы 30 % - ға артты18.04.2025, 17:18 105751"Алматы жастары": жеңілдетілген ипотека жас мамандарға тұрғын үй туралы арманын жүзеге асыруға қалай көмектеседі11.04.2025, 18:13 104911Алматыда алғаш рет төрт ірі субұрқақ кешені реконструкциядан өтеді