01.10.2024, 16:03 50906

Ақмола облысында құны 70 млн теңгеден асатын учаске мемлекетке қайтарылды

Ақмола облысында құны 70 млн теңгеден асатын учаске мемлекетке қайтарылды
Заңсыз берілген жер учаскесі Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Көкшетау қаласының прокуратурасы тұрақты негізде жергілікті атқарушы органдармен жер заңнамасының сақталуына мониторинг пен талдау жұмыстарын жүргізуде.

Жергілікті атқарушы органдардың аукцион жүргізбестен өндірістік базаға қызмет көрсету үшін аумағы 1,3 га жер учаскесіне жеке меншік құқығын бергені аныкталды.

Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша нарықтық құны 70 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке кайтарылды.

Аталған бағытта жұмыс жалғасуда.

 


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны