20.08.2024, 09:20 43676

Ақтөбе облысында "Егінді сақтайық" акциясы басталды

Егін жинау науқанының басталуына байланысты мобильдік топтардың жұмысы күшейтілді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар жүргізілуде.

Ақтөбе облысының аумағында шөп жинау және ірі жемшөп дайындау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Ыстық, құрғақ ауа райы, ауыл шаруашылығы техникасының, жанар-жағармай материалдарының көп мөлшері өрт қауіпті жағдай туғызады. Өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

ТЖД қызметкерлері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен егін жинау агрегаттары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жарақтандырылуы тиіс екенін еске салды. Барлық ауылшаруашылық техникалары жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы керек, реттелген қуат, тұтану, майлау жүйелері болуы керек. Ашық отты қолдануға немесе далада дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге болмайды. Шабындық кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларына және шабындықпен айналысатын жеке тұлғаларға жүктеледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны