04.04.2024, 10:44 59391

Ақтөбе облысында сегіз шетелдік қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Ақтөбе облысында сегіз шетелдік қаза тапты
Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан 8 шетел азаматы қаза тапты, деп хабарлайды  Polisia.kz.

3 сәуірде Самара-Шымкент автожолында Маржанбұлақ ауылының маңында Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруындағы Toyota-Аlhpard минивенінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушысы - барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары - оқиға орнында қаза тапты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылған және соның салдарынан жүргізуші көлікті бақылай алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, соқтығысуға жол берген.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Полиция департаменті жүргізушілерді көліктің жай-күйін бақылауда ұстауға, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны