03.04.2024, 11:22 14616

Ақтөбе су қоймасы 89 пайызға толған

Ақтөбе су қоймасы 89 пайызға толған
Сурет: gov.kz
Жалпы сыйымдылығы 245 млн текше метр болатын Ақтөбе су қоймасы 89%-ға толды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.

27 наурыздан 2 сәуірге дейін су қоймасынан 246 миллион текше метр су жіберілді. Қазіргі таңда секундына 500 текше метр су жіберіліп жатыр", деп көрсетілген хабарламада.


Естеріңізге сала кетсек, ҚР ТЖМ су қоймасындағы су ағынының ұлғаюы нәтижесінде Сазды және Жіңішке өзендеріндегі су деңгейін азайту мақсатында, суды ағызудың жоғарылауту жұмыстары жасалуда деп хабарлаған болатын. Бұл ретте өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

ТЖД құтқарушылары азаматтарды жақын маңдағы ауылдардан алдын ала эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 9 бала", деп атап өтті мекемеден.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны