10.01.2025, 16:23 2521

Абай облысында тегін дәрі-дәрмек берудің жаңа жүйесі енгізілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша тегін дәрі-дәрмектерді беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.

Абай облысында денсаулық сақтау саласына жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында (2024 ж.) Бірыңғай дистрибьютор - "СК-Фармация" ЖШС медициналық препараттарды уақытылы жеткізбеу фактілері анықталды.

Бұл тәжірибе тегін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне және пациенттердің оларды өз қаражатына сатып алуына алып келді.

Медициналық мекемелерде нақты жағдайды жасыру үшін "жалған рецептер" жазылған. Құжаттарға сәйкес пациенттер дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген.

Талдау қорытындысы бойынша Абай облысының барлық емханаларында EGOV Mobile қосымшасының "Әлеуметтік әмиян" бөлімінде QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жүйесі енгізілді.

Қазіргі уақытта бұл дәрі-дәрмектерді алудың балама әдісі, алайда ол қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетуде.

QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жөніндегі жоба іске қосылды және барлық республика бойынша масштабталды.

2024 жылы пациенттер санының 14%-ға өсуіне қарамастан (2023 ж. - 77,6 мың, 2024 ж. - 88,8 мың), Абай облысында жазылған рецепттер санының 24,8 мыңға төмендеуі байқалады (2023 ж. - 707,6 мың рецепт, 2024 ж. - 682,4 мың рецепт).

Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жалған рецепттерді шығару, дәрі-дәрмектерді жымқыру қаупін едәуір азайтып, бюджет қаражатын үнемдейді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны