26.06.2024, 16:32 42266

Абай облысында құжатсыз ағаш өнімдерін тасу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Абай облысында прокуратураның хабарламасымен құжатсыз ағаш өнімдерін тасу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Абай облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.  

Абай облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, орман ағаштарын кесуге жол бермеу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Рейд барысында "Талица-Семей" тас жолында көлемі 16,86 м3 орман өнімдерін тасымалдаған "КамАЗ" көлігінің жүргізушісі анықталды.

Аталған факті бойынша Семей қаласының Әуезов полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны