25.09.2024, 18:34 23211

Алматы балабақшаларындағы 40 үздік әдіскер Малайзия, Қытай, Польша және Германияда тағылымдамадан өтеді

Алматы балабақшаларындағы 40 үздік әдіскер Малайзия, Қытай, Польша және Германияда тағылымдамадан өтеді
40 үздік басшы мен әдіскер Малайзия, Қытай, Польша және Германияның жетекші білім беру мекемелерінде тағылымдамадан өтеді. Мұндай мүмкіндік 2025 жылға дейінгі мегаполисті дамытудың Жол картасы аясында Алматы әкімдігі жүзеге асыратын қалалық мектепке дейінгі ұйымдар мамандарының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша ұсынылып отыр, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

23-27 қыркүйек аралығында FACETS технологиясы сияқты педагогтардың жұмысын бағалаудың инновациялық әдістерімен танысу және АҚШ-та қолданылатын Монтессори жүйесінің ерекшелігін зерттеу бойынша шетелдік сарапшылардың қатысуымен дәрістер, шеберлік сағаттары мен воркшоптар өтеді.

Қытай мен Малайзиядағы тағылымдама аясында үздік әдіскерлер тәрбиеленушілердің оқу жетістіктеріне бағытталған оқу бағдарламаларымен таныса алады. Мақсат қою және тиімді оқытуға ықпал ететін білім беру ортасын ұйымдастыру әдістеріне, сондай-ақ мұғалімдерді даярлау бағдарламаларына басты назар аударылады.

Польша мен Германияда мектепке дейінгі білім берудегі инклюзивті тәсіл моделіне және стратегияларына көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, қатысушылар мектепке дейінгі білім беру саласындағы педагогтердің кәсіби дамуы мен біліктілігін арттыруға маманданған жетекші білім беру орталығы болып табылатын Fröbel мектепке дейінгі мекемесінде "тағылымдама күнін" өткізу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, мектепке дейінгі ұйымдар мамандарының біліктілігін арттыру жобасы 2023 жылы басталып, 2305 балабақша педагогын қамтыды. Биыл 5 тамыздан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың бес санатындағы 440 қызметкер үшін оқу басталды.

Алматының мектепке дейінгі мекемелер мамандарының біліктілігін арттыру бағдарламасы педагогтердің кәсіби дағдысын дамыту арқылы білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған. Бұл өз кезегінде қаладағы мектепке дейінгі білім беру сапасын айтарлықтай арттырып, балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны