25.09.2024, 12:02 22816

Алматы облысында астықты терең өңдейтін зауыт салынады

CITIC Construction Алматы облысында астықты терең өңдейтін зауыт салады, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметінен.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы ҚХР делегациясының өкілдерімен кездесу өткізді. Оның құрамына CITIC Construction ауылшаруашылық инвестициялық кеңесшісі Ян Цзинши, сондай-ақ Shanghai Sidacheng Biotechnology Co., Ltd, Shandong Jincheng Pharmaceutical, Fengshang Huinong компанияларының өкілдері кірді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелерін, сондай-ақ жылдық қуаты 300 000 тонна бидайды терең өңдеу жөніндегі өндірістік желіні салу жобасын іске асыруды талқылады.

Жобаның инвесторы-қытайлық CITIC Construction компаниясы. Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 1,07 миллиард АҚШ доллары, ал өнімнің жалпы құны 1,87 миллиард АҚШ долларын құрайды. 2000-нан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Жоба Алматы облысындағы "Қазбек бек" индустриалды аймағының аумағында жүзеге асырылады. Зауыт мальтоза шәрбаты, фруктоза шәрбаты, кристалды фруктоза, аллюлоза, кристалды декстроза, натрий глюконаты, глютенді қосалқы өнімдер мен жем сияқты өнімдерді шығаратын болады.

Қазіргі уақытта нысанды қажетті инфрақұрылыммен уақытылы қамтамасыз ету мәселесі шешілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны