26.08.2024, 12:49 27406

Алматы облысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелерімен арнайы оқу-жаттығулар өтеді

Алматы облысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелерімен арнайы оқу-жаттығулар өтеді
2024 жылғы 1-5 қыркүйек аралығында Алматы облысының "Тамғалы Тас" шатқалында орналасқан "Жартасты қала - Астана" ҚР ТЖМ оқу- жаттығу полигонында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелерімен "Скала-2024" арнайы оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

6 қыркүйекте ҚР ТЖМ бөлімшелері арасында "Казқұтқару-2024" жиын семинарының ашылу рәсімі өтеді. Жарыстар 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін өткізіледі.

12-14 қыркүйек аралығында Орталық Азия мен Таяу Шығыс өкілдері үшін пилотсыз авиацияны қолдану бойынша мастер-тренинг өткізіледі.

Жиын-семинар аясында 12-14 қыркүйек аралығында дала жағдайында еліміздің барлық өңірлерінен волонтерлерді тарта отырып, ТЖ-ға ден қою саласындағы волонтерлердің ІІ республикалық форумы өтеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны