26.09.2024, 13:53 52091

Алматы прокуратурасы маркетплейстермен ынтымақтастықты бастады

Алматы прокуратурасы маркетплейстермен ынтымақтастықты бастады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
 
Алматы қаласының прокуратурасы мен полициясы «Яндекс Еда Казахстан» ЖШС-мен меморандумға қол қойды, сондай-ақ «ОЗОН Маркетплейс Казахстан» ЖШС-мен ынтымақтастықты бастады.

Ынтымақтастық құқық бұзушылықтың алдын-алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға бағытталған.

Өзара іс-қимыл шеңберінде жарнаманы және тыйым салынған заттарды таратуды тоқтату көзделген.

Аталған шаралар оңтүстік астананың тұрғындары үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны