19.08.2024, 20:53 39626

Алматыда 2024 жылы экологиялық қоғамдық көліктің үлесі 70%-ға дейін ұлғаяды

Алматыда қоғамдық көлікті дамыту аясында оның экологиялық түріне көшуін қамтамасыз ету және жаңарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Биыл жергілікті бюджет есебінен газбен жүретін 600 автобус, 100 электробус және 112 троллейбус сатып алуға тапсырыс орналастырылды.

Жеке автопарктер осы жылдың бірінші жартыжылдығында газбен жүретін 150 автобус пен 15 электробус сатып алды.

Осылайша, 2024 жылы экологиялық таза қоғамдық көліктің үлесі 53,7%-дан 70%-ға дейін ұлғаяды, орташа пайдалану мерзімі 3 жылдан 2,5 жылға дейін қысқарады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны