23.10.2024, 16:04 137596
Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде
Достарға айту
Алматыда "Жарқын күз" науқанының аясында, "Алматы - біздің ортақ үйіміз" атты күзгі экологиялық науқаны шеңберінде, ауаның автокөлік шығарындыларымен ластануына қарсы күреске бағытталған "Таза ауа" акциясы өткізілуде, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Бұл бастаманың мақсаты - автокөліктердің шығарындыларындағы улы заттар мен түтін деңгейін бақылау, бұл мегаполис үшін өте маңызды, себебі ауаның ластануының едәуір бөлігі көлік шығарындыларына байланысты.
Қазан айының басынан бастап Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, көшпелі экологиялық бекеттерде 628 көлік тексерілді. Тексеру қаланың әртүрлі аудандарында, соның ішінде орталық көшелер мен шет аймақтарды қамтып отыр. Мониторинг рұқсат етілген экологиялық нормалардан асып кеткен көліктерді анықтауға көмектеседі, бұл ауаның сапасына әсер етеді. Мониторинг нәтижесінде 263 көліктің шығарындыларындағы улы заттар мен түтін деңгейі белгіленген нормадан асқаны анықталды, бұл тексерілген көліктердің 42%-ын құрайды. Бұл автовладельцер арасында экологиялық жауапкершілікті арттыру және бақылауды қатаңдату қажеттілігін көрсетеді.
Тексеру нәтижесінде уәкілетті органдар 202 әкімшілік хаттама толтырып, 123 құқық бұзушыға айыппұл салды. Мұндай шаралар қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, рұқсат етілген шығарындылар нормасынан едәуір асып кеткен 9 автокөліктің мемлекеттік нөмірлері уақытша тәркіленді. Бұл көліктер анықталған ақаулар жойылғанға дейін пайдалануға жіберілмейді.
Аталған шаралар Алматыдағы экологиялық ахуалды жақсартудағы маңызды қадамдардың бірі болады деп күтілуде. Еске сала кетейік, Алматыда "Алматы - біздің ортақ үйіміз" атты күзгі науқан өтіп жатыр, оның аясында қалада күзгі-қысқы кезеңге белсенді дайындық жүргізілуде. Науқан қаланы абаттандыру және қалалық ортаны жақсартуға бағытталған көптеген экологиялық акциялар мен бастамаларды қамтиды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
21.11.2024, 12:40 3731
Ақсу қаласына жаңа әкімі тағайындалды
Достарға айту
Ақсу қаласына жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Бүгін өңір басшысы Асайын Байханов Ақсу активінің отырысында қаланың жаңа әкімін таныстырды.
Болатбек Шәріпов 1973 жылы Ертіс ауданының Заречное ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Мемлекеттік қызметте 2008 жылдан бастап жұмыс істейді.
Ертіс ауданында ол , бөлім басшысынан аудан әкіміне дейінгі еңбек жолынан өтті. "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.11.2024, 12:37 3996
Қазақстанның екі мегаполисінде бет-әлпетті тану жүйесі жұмысын бастады
Достарға айту
Ұлттық бейнемониторинг жүйесі Қазақстанның екі қаласында іске қосылды. Инновациялық жоба Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ынтымақтастығымен әзірленді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Ұлттық бейнемониторинг жүйесі жасанды интеллект технологияларының қолданылуымен іздеудегі адамдарды тануға, қоғамдық орындарда қалдырылған заттар туралы сигнал беруге, құқық бұзушылықтарды автоматты режимде тіркеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ компьютерлік бағдарлама көлікті маркасы, моделі және түсі бойынша сәйкестендіре алады.
Ақылды" камералардың назарында теміржол вокзалдары, әуежайлар, қонақ үйлер, көшелер және сауда ойын-сауық орталықтары сияқты нысандар бар.
Жүйе өз тиімділігін көрсетті. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу кезінде елорданың қоғамдық орындарында жоғалған балаларды, сондай-ақ есепте тұрғандар мен хабар-ошарсыз кеткен адамдарды жедел табуға мүмкіндік туды.
Бейне-талдау жүйесінің көмегімен Астанада іздеуде жүрген 46 құқық бұзушы жедел түрде анықталып ұсталды. Осыған ұқсас жұмыс Алматыда жүргізіліп жатыр. Онда осындай 30 адам анықталып құрықталды.
Енгізілген технологиялар - ақылды қалаларды құруға жасалған қадам. Олар қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттырып, қылмысты азайтуға көмектеседі. Мұндай жүйелер Қытайда, Ресейде және Еуропа елдерінде белсенді қолданылады. Қазақстан үздік тәжірибелерді игеріп, осы әлемдік үрдістің бір бөлігіне айналуда. Алдағы уақытта камералар санын ұлғайта отырып, бейнемониторингті кеңейту жоспарланып отыр. Бұл кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
Бүгінгі таңда меншік түріне қарамастан елімізде 1 млн 359 мың бейнекамера бар, оның 310 мыңы жедел басқару орталықтары және полицияның кезекші бөлімдеріне шығарылған.
Инновациялық жобалардың қылмысқа қарсы іс-қимылда және адамдар көп жиналатын жерлерде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде көмегі зор. Іске қосылған жүйелердің басты мақсаты - әрбір азаматтың заң мен тәртіп орнаған қоғамда өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасау.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.11.2024, 15:03 26341
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын бейнекамералармен жабдықтауды ұсынды
Достарға айту
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының (АӘҚКО) тұрғын үй-жайларына бейнекамералар орнату мәселесін қарау туралы ұсыныс жолдады.
Бұл бастама әлеуметтік қызмет көрсету орындарында қызмет алушыларға қатысты алаңдаушылықтың артуына байланысты көтеріліп отыр.
Зорлық-зомбылыққа жеткізген оқиғалар Арнаулы әлеуметтік қамсыздандыру қызметінде тұрақты қамауда отырған азаматтардың қосымша қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінің белгісі болды.
Бұл орталықтарда бағытына қарай мүмкіндігі шектеулі жандар, соның ішінде балалар, жалғызбасты қарттар, психоневрологиялық дертке шалдыққандар бар.
Бейнекамераларды орнату бұзушылықтардың алдын алады, сонымен қатар қызметкерлер мен қызмет алушылардың өздері тарапынан зорлық-зомбылық, суицид әрекеттері және агрессивті мінез-құлық жағдайларын жылдам анықтауға көмектеседі.
Айта кетейік, бұл шара деректердің құпиялылығын және жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында тек жауапты қызметкерлердің қандайда бір бөлігіне бейне ақпаратқа қол жеткізуді міндетті шектеуді көздейді.
Тұрғын үй-жайларды камералармен жабдықтау оңай шара емес, өйткені бұл жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығына әсер етеді. Дегенмен, бұл тұрғыда азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау басты міндет болып табылады. Бұл бастама адамдардың құқықтарын шектеуге бағытталмаған, керісінше олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өмірлерін қорғау құқықтарын сақтауды көздейді", - деп атап өтті Артур Ластаев.
Ұсынысқа жауап ретінде Еңбек министрлігі осы мәселені егжей-тегжейлі және жан-жақты зерделеу үшін жұмыс тобын құру жоспары туралы хабарлады.
Бұл мәселені шешу нәтижелері қосымша хабарланатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.11.2024, 14:56 26526
Жаңа Су кодексінің жобасына мұздықтар мен шағын су айдындарын қорғау іс-шаралары қосылды
Достарға айту
Су ресурстары және ирригация министрлігі Парламент Мәжілісінің депутаттары және сарапшылармен бірлесіп жаңа Су кодексінің жобасын пысықтауда. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында құжатқа алғаш рет шағын көлдерді, өзендер мен тоғандарды, сондай-ақ мұздықтар мен сулы-батпақты аймақтарды қорғау жөнінде нормалар енгізілді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Мысалы, шағын өзендердің тартылуының алдын алу үшін тасқын суды өткізуге арналған құрылыстары жоқ нысындарды, су ағынын тоқтататын бөгеттерді жобалауға және салуға тыйым салынады. Жаңа Су кодексінің жобасына сәйкес мұндай құрылыстар жойылатын болады.
Шаруашылық қызметі шағын су айдындарының жай-күйіне әсер ететін жеке және заңды тұлғалар министрліктің бассейндік инспекцияларымен келісе отырып, су ресурстарын қалпына келтіру және оның тазалығын сақтау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге міндетті.
Сулы-батпақты жерлерді ластауға, бітеуге, құрғатуға немесе өзге мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерді қоса алғанда жануарларды қорғау жөніндегі іс-шаралар да көзделеді.
Бұдан бөлек, мұздықтар мен қарлы аймақтарға ағын су жіберу, оларды қалдықтармен, мұнай өнімдерімен, улы химикаттармен және басқа да зиянды заттармен ластауға тыйым салынады. Мұздықтардан мұз алу су нысандарының жағдайына кері әсер етпеуі тиіс және олардың сарқылуына себеп болмауы керек.
Жаңа Су кодексі климаттың өзгеруіне бейімделуге және су үнемдеу принциптерін енгізуге баса назар аударады. Су айдындарының экожүйесін қолдау және оларды сарқылу, ластану сынды басқа да жағымсыз салдардан қорғау үшін судың ең төменгі рұқсат етілген деңгейі айқындалған - "экологиялық ағын" ұғымы енгізіледі. Құжаттың мақсаты - экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік беретін су пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу және оны қолдау болып табылады",- деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.11.2024, 14:45 26771
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалады
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Будапешт қаласына мемлекеттік сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен бірге Puskas Arena Park стадионына барды. Онда УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтіп жатқан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы кездесуді көрді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.11.2024, 14:41 26981
2027 жылдан бастап балабақшаларға лицензия берілуі мүмкін
Достарға айту
2027 жылдан бастап балабақшаларға лицензия берілуі мүмкін, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметінен.
Мәжіліс Оқу ағарту министрлігі бастамашы болған білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады. Заң кәсіби қабылдаушы отбасылар қызметінің құқықтық негіздерін, осы саладағы құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық саласындағы кәсіби қабылдаушы отбасылар мен уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл тетіктерін анықтайды.
Депутаттардың бастамасымен осы заңға 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдарды лицензиялау тәртібін енгізілді.
Сонымен қатар қосымша білім беру ұйымдары (үйірмелер, секциялар және т.б.) үшін қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама тәртібі белгіленеді. Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарда онлайн оқыту нысаны мен академиялық ұтқырлық қағидаты, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан мектептердегі әлеуметтік жағынан осал отбасылар санатындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету тетіктері қарастырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.11.2024, 14:15 27506
Ертең Қазақстанның барлық өңірлерінде дабыл іске қосылады
Достарға айту
2024 жылғы 21-22 қараша аралығында елімізде "Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау" тақырыбында "Қыс-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оқу-жаттығудың республикалық штабы Көкшетау қаласында орналасқан.
Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдар, республикалық және облыстық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдары, ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелері тартылады.
Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша облыстық азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қысқы кезеңдегі ықтимал ТЖ салдарын жоюға дайындығы бағаланатын болады.
Практикалық іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өткізілетін болады.
РКШОЖ шеңберінде азаматтық қорғау құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізу жоспарланған.
21 қараша сағат 11:00-де электрдабылдары мен дабылды-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, сондай ақ теледидар және радиоарналардың эфирі қармалады. Бұл іс-шара халықтың "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін дағдыландыру мақсатында өткізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.11.2024, 10:03 28156
Риддердегі аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға қайтарылған активтерден 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмасымен "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң шеңберінде қайтарылған қаражаттан Риддер қаласындағы 200 орындық стационары мен бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын емханасы бар көпсалалы аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға 28,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкімет 2021 жылы басталған аурухана кешенінің құрылысын аяқтау үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Жобаның жалпы құны - 34,8 млрд теңге, қазіргі уақытта 6,6 млрд теңге игерілді, оның ішінде 2 млрд теңге республикалық бюджеттен, 4,6 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлінген. Қалған қаражат Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінеді.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Олжас Бектеновке құрылыс алаңын қарау кезінде жұмысты аяқтау үшін жобаны қаржыландыру қажеттілігі туралы баяндалған болатын. Қабылданған шаралар әлеуметтік маңызы бар объектінің "сақалды құрылыс" тізіміне енуіне жол бермеуге және тұрғындарды сапалы және қолжетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аурухана кешенінің ашылуы демографиялық жүктемесі жоғары моноқала үшін өте маңызды. Риддердің халқы 55 мың адамды құрайды, оның 22,7%-ы 60 жастан асқан. Қаланың әр түкпіріндегі 12 ғимаратта орналасқан жалғыз аурухана кешенінің ғимараттары 80 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Нысандар ескірген және қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейді. Сонымен қатар халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қосымша кардиологиялық, инсульттік, травматологиялық және күйік төсектерін ашу қажет.
Жаңа көпсалалы кешеннің жалпы ауданы - 40 мың м2. Аурухана сараптамалық кластағы медициналық жабдықтармен жабдықталады. Мұнда 500-ден астам қызметкер жұмыс істейтін болады.
Бұған дейін қаражат Ақтөбе қаласында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы балабақша, Ақмола облысы Зеренді ауылында спорт кешені, Түркістан облысы Темірлан ауылында музыка мектебі, Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығы құрылысына бағытталған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
21.11.2024, 12:37Қазақстанның екі мегаполисінде бет-әлпетті тану жүйесі жұмысын бастады 21.11.2024, 12:40 3091Ақсу қаласына жаңа әкімі тағайындалды21.11.2024, 12:29 1701Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы сотталды21.11.2024, 12:35 1511Кәмелетке толмаған баланы зорлады және өлтірді деп айыпталған адам Ресейден экстрадициялады21.11.2024, 12:22 1166Қазақстан мен Мажарстан инвестиция көлемі 5 540 млн астам бірлескен жобаларды іске асыруда
14.11.2024, 15:50 94786ІІМ мопедтерге нөмірлік белгілердің қашан берілетінін хабарлады14.11.2024, 15:36 94676Қазақстан мен Өзбекстан арасында алғашқы теміржол туры іске қосылады14.11.2024, 15:44 94606Қала сыртындағы жолдарда қамту мақсатында "жасырын" патрульдеу енгізілді14.11.2024, 15:30 94531Қазақстан 2026 жылы Өңірлік Климаттық саммит өткізеді14.11.2024, 15:01 94291Қазақстан "Серпін" бағдарламасын іске асыру жұмысын күшейтуге ниетті
24.10.2024, 16:52 140821Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 137591Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 134886Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 130456Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 130271Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді