05.01.2025, 17:13 25361

Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, биыл қалада шамамен 300 км жолға, 30 км жаяу жүргіншілер жолына орташа жөндеу жүргізу, сондай-ақ 35 км жаңа жол салу жоспарланған, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жас Қанат, Шұғыла, Әлмерек, Ақжар, Рахат, Мәдениет және Боралдай шағын ауданы сынды қалаға қосылған аумақтарда жаңа жол салу 70 мыңнан астам тұрғынға көлік қатынасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстар қаладағы сапалы жолдардың үлесін 2024 жылы 92%-дан 2025 жылы 95%-ға дейін арттыруға септігін тигізеді.

Еске салайық, былтыр Алматыда ұзындығы 250 км болатын 255 көше жөнделіп, 25 км жаңа жол салынды, Құлжа тас жолы 6 жолаққа дейін кеңейтіліп, Саин - Мөңке би жолайырығында қозғалыс ашылған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны