01.04.2024, 13:17 27861

Алматыда тектоникалық бұзылу аймағында жанармай құю бекетін салмақ болған

Уәкілетті орган қолданыстағы нормаларды бұза отырып, астынан кәріз құбырлары өтетін тектоникалық бұзылу аймағында орналасқан бөлінбейтін жер телімін мегаполистің автобус паркіне жанармай құю үшін берген
Алматы көлік прокуратурасы жер, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманың сақталуына жүргізген талдау нәтижесінде, автомобиль газ толтыру компрессорлық станцияларын салуға жер учаскесін беру кезінде елеулі бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, уәкілетті орган қолданыстағы нормаларды бұза отырып, астынан кәріз құбырлары өтетін тектоникалық бұзылу аймағында орналасқан бөлінбейтін жер телімін мегаполистің автобус паркіне жанармай құю үшін берген.

Осылайша, жауапты лауазымды тұлғалар техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупіне жол берген.

Көлік прокуратурасы араласқаннан кейін кінәлі лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, осы жер учаскесін Алматы қаласы әкімдігінің балансына қайтару шаралары қабылдануда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны