09.09.2024, 15:52 21446

Алматылық альпинистер құтқарушыларды экстремалды жағдайларда жұмыс істеуге үйретуде

2024 жылдың 5 қыркүйегі мен 1 қазан аралығында "Тұйық-Су" альпинистік лагерінде Республикалық жедел-құтқару отрядының құтқарушыларына "Бастапқы дайындық" бағдарламасы бойынша оқыту жұмыстары өтеді. Оқыту Алматы қаласының альпинизм федерациясының тәжірибелі нұсқаушыларының жетекшілігімен жүргізіліп жатыр. Жобаны ұйымдастырушы - Алматы қаласының туризм басқармасы, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Оқу бағдарламасы құтқару операцияларының негізгі принциптері мен әдістерін меңгеруге, сондай-ақ төтенше жағдайларда ұйымдастыру және басқару дағдыларын дамытуға бағытталған теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

Теориялық дайындық барысында құтқарушылар құтқару операцияларын жоспарлаудың негізгі аспектілерін, тәуекелдерді бағалауды, арнайы альпинистік құрал-жабдықтарды қолдануды және таулы жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету техникасын үйренбек. Құтқару топтары арасындағы өзара байланысқа және іс-қимылдарды үйлесімді жоспарлау мәселелеріне айрықша назар аударылады.

Практикалық дайындық нақты таулы рельеф жағдайында 1-2 күрделілік деңгейіндегі Іле Алатауының классификацияланған альпинистік маршруттарында 3-разряд нормативін орындау арқылы өтеді. Бұл құтқарушыларға қол жетімсіз және экстремалды жағдайларда жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

Жаттығулар беткейлерге көтерілу және түсу, зардап шеккендерді эвакуациялау, арқан және басқа да арнайы альпинистік құрал-жабдықтарды қолдану арқылы құтқару операцияларын жүргізуге бағытталған.

Бастапқы дайындық" бағдарламасы бойынша құтқарушыларды дайындау - Алматы таулы аймақтарында туристердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқыту нәтижесінде құтқарушылар кез келген төтенше жағдайларға жедел жауап беріп, мегаполис қонақтары мен тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны