28.10.2024, 16:57 53656

Алматының бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың камера қосылды

Алматының бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың камера қосылды
Алматының бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың камера қосылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Алматыда "Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі" (ББЖ) жобасының негізгі міндеті - қаладағы барлық бейнебақылау камераларын бір платформаға біріктіріп, түрлі тапсырмаларға арналған бейнеағындарды көп мәрте пайдалану және нақты уақыт режимінде бейне талдау қалыптастыру.

Бейне талдау түтінді, отты, қалған заттарды, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғаларды, киімді, жынысты және бет-әлпетті тану және т.б. негізінде қалыптасады.

Қазіргі уақытта 603 мемлекеттік және 906 жеке нысан бейнеағындарын ББЖ-ға қосу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде Бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың бейнекамера қосылған.

Биыл екінші тоқсанда "Сергек" зияткерлік қауіпсіздік жүйесінің қосымша 300 аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды.

Айта кетейік, қалада 9034 бейнекамерадан тұратын 1641 "Сергек" кешені жұмыс істеп тұр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны