30.04.2021, 20:29 16717

Қазақстан итальяндық құрылыс компаниясымен дау бойынша төрелік шешімнің орындалуына қол жеткізді

Талапкер 277 000 АҚШ долларын Қазақстан Республикасына келтірілген шығыстар есебінде төлеуі тиіс болды.
НҰР-СҰЛТАН. 30 СӘУІР - Қазақстан "Тодини" итальяндық құрылыс компаниясына қарсы шыққан төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2019 жылғы 11 маусымда Париж қаласындағы Халықаралық сауда палатасының төрелік соты "Todini Impregilo Kazakhdorstroy" БК құрылыс компаниясы бастамашылық еткен дау бойынша Қазақстан Республикасының пайдасына шешім шығарды. Талап арыз сомасы 20 млн АҚШ долларын құрады.
 
Шешімге сәйкес, Талапкер 277 000 АҚШ долларын Қазақстан Республикасына келтірілген шығыстар есебінде төлеуі тиіс болды. "Тодини" төрелік шешімді өз еркімен орындаудан бас тартуына байланысты Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының аумағында төрелік шешімді тану және оны орындау мақсатында іс-шаралар кешенін өткізді.
 

Бірінші кезеңде, ҚР Азаматтық процестік кодексінің 503-бабын басшылыққа ала отырып, Әділет министрлігі Нұр-сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына төрелік шешімді тану және орындау туралы өтініш берді. Азаматтық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес қажетті материалдарды жинау жүзеге асырылды, төрелік шешімнің, бірлескен кәсіпорынның және корпоративтік құжаттардың түпнұсқасын сот ісін жүргізу тіліне аудару қамтамасыз етілді. Әділет министрлігі сотты өз талаптарының заңды екендігіне сендіре алды, нәтижесінде сот Әділет министрлігінің талаптарын толық көлемде қанағаттандырды. Кейіннен "Тодини" апелляциялық тәртіппен Нұр-сұлтан қаласының МАЭС ұйғарымын жоюға әрекет жасады. Алайда Нұр-сұлтан қаласының соты өтініш берушілердің талаптарын қолдаудан бас тартты", - деп хабарлады Әділет министрлігінде.

 
 "Тодини" төрелік соттың шешімін орындамағандай сот актісін де өз еркімен орындамады. Осыған байланысты оларды мәжбүрлеп орындау ісі жүзеге асырылды. Нәтижесінде 277 000 АҚШ доллары өндірілді.
 

Осылайша, Әділет министрлігі төрелікте мемлекеттің мүдделерін қорғау және төрелік шешімді орындау жөніндегі жұмысты толық көлемде аяқтады", - деп атап өтті ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны