01.02.2022, 18:31 28566

Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа қаңтар оқиғаларының тергеу нәтижелерін ұсынады

Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа қаңтар оқиғаларының тергеу нәтижелерін ұсынады
Сурет: facebook/Салтанат Ташимова
НҰР-СҰЛТАН. 1 АҚПАН - Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан НАТО Кавказ және Орталық Азия бойынша Бас хатшысының Арнайы өкілі Хавьер Коломинамен кездесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстандық дипломат Х.Коломинаны Қазақстандағы соңғы оқиғалардың себептері мен салдары, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдегі қалыпты өмірді қалпына келтіру бойынша мемлекет қабылдаған шаралар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Қазақстан билігі мұқият және толыққанды тергеу жүргізіп жатқаны, әрі оның нәтижелері әлемдік қоғамдастыққа ұсынылатыны мәлімделді", - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

 
Әңгіме барысында Арнайы өкіл Қазақстандағы тәртіпсіздіктер барысында қаза тапқандарға көңіл айтты. 
 
Сонымен қатар, тараптар "Бір серіктес – бір жоспар" тұжырымдамасы аясындағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды қоса алғанда, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны