28.10.2024, 17:10 5406

Қазақстан мен БАӘ ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландырумен күрестегі ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен БАӘ ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландырумен күрестегі ынтымақтастықты нығайтуда, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.

Қаржылық мониторинг агенттігінде Хамид Әл Зааби бастаған БАӘ кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарушы офис делегациясының сапары басталды.

Кездесу барысында тараптар қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады.

Кездесуге қатысушылар ұлттық тәуекелдерді бағалау процестерін цифрландыру және виртуалды активтерді заңсыз пайдалануды анықтау әдістері туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ, тараптар есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, кәсіби қаржы жылыстатушылар және заңсыз шығарылған капиталды қайтару мәселелерін талқылады.

БАӘ әріптестермен қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі сертификатталған мамандар қауымдастығында (ACAMS) Қазақстанның "жылстатуға қарсы іс-қимыл" жүйесіне қатысушылардың кәсіби деңгейін арттыруға жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тараптар ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, оны одан әрі дамытуға ұмтылыстарын білдірді.

Еске сала кетейік, өткен жылдың маусым айында Қазақстан өзара бағалаудың екінші кезеңінен сәтті өтіп, стандартты мониторингке шықты.

Ағымдағы жылы ҚМА цифрлық активтердің тәуекелдері мәселелері бойынша FATF байланыс тобына кірді, бұл Қазақстанға өз тәжірибесіне сүйене отырып, криптовалюталарды пайдаланумен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың тиімді шешімдерін ұсынуға мүмкіндік берді.

Қаржылық мониторинг агенттігі жаһандық "жылстатуға қарсы" қоғамдастықтың жауапты қатысушысы ретінде Қазақстанның имиджін нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны