22.10.2024, 13:22 47046

Қазақстан мен ЕЭК кедендік цифрландыру және бақылау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен ЕЭК кедендік цифрландыру және бақылау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Р.В. Давыдовпен кездесті, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі кедендік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын - өткізу бекеттерін жаңғыру, кедендік рәсімдерді цифрландыру, навигациялық пломбалар қолдану, тауарлардың кедендік құнын анықтау, мемлекеттік кірістер органдарының бақылау шараларын қабылдау мәселелерін талқылады.

Министрлік ЕАЭО мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен тестілеу жүргізу нәтижесі бойынша "Кадағалау паспортының" функционалымен таныстырды.

Тараптар кедендік және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру саласындағы үздік тәжірибелермен алмасуға дайындығын растады.

Тараптар ЕАЭО шеңберінде өзара іс-қимылдың ағымдағы әлеуетін арттыру және тұрақты негізде бірлескен кездесулер (консультациялар) өткізу қажеттілігі туралы келісті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны