19.08.2024, 11:48 24986

Қазақстан мен Ресей ақбөкендердің кедергісіз қоныс аударуы үшін экологиялық дәліз құрмақ

Қазақстан мен Ресей ақбөкендердің кедергісіз қоныс аударуы үшін экологиялық дәліз құрмақ
Қазақстан мен Ресей ақбөкендердің кедергісіз қоныс аударуы үшін экологиялық дәліз құрмақ, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Нысанбаев Ерлан Нұрәлиұлы сондай-ақ Сенат Депутаты Өтеғұлов Арман Кәрімұлы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айтмұхамбетов Қаляр Шадиярұлы БҚО Жәнібек ауданында ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында фермерлерді мазалап отырған мәселенің бірі киіктердің егістік және шабындық жерлерінің тапталуы талқыланып, шаруалардың ұсыныстары қарастырылды.

Өз кезегінде Министр шаруа қожалықтары жерлеріне киіктер таптауынан келтіріліп отырған қысымды азайту және алдын алу мақсатында Министрлік тарапынан бірқатар шаралар жоспарланып отырғаны туралы жеткізді.

Сонымен қатар, Министр Жәнібек ауданында Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрлігінің өкілдерімен кездесті. Ресей тарапымен келіссөздер барысында ақбөкендердің кедергісіз көші-қоны үшін ҚР мен РФ шекарасында өткелдер санын көбейту және трансшекаралық экологиялық дәліздер құру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін бірлескен мониторингтік зерттеулер жүргізу үшін (өткелдер мен ақбөкендердің шоғырлану орындарын белгілеу мақсатында) Жедел жұмыс тобын құру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны