03.03.2021, 20:54 18406

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды

Ермекбаев пен Өмірәлиев Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсету, сондай-ақ 20212 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспары туралы келісімге қол қойды.
Нұр-Сұлтан. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан Президентінің ресми сапары аясында келген қырғыз әріптесі генерал-майор Талайбек Өмірәлиевпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Тараптар әскери ынтымақтастықтың, өңірлік қауіпсіздіктің, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ шеңберіндегі көпжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Нұрлан Ермекбаев пен Талайбек Өмірәлиев Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсету, сондай-ақ 20212 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспары туралы келісімге қол қойды.
 

Бүгінгі кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтар қорғаныс саласындағы бұдан әрі тәжірибелік өзара іс-қимылға негіз болады деп сенемін", - деп Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы атап өтті.

 
Кездесу барысында екі елдің Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы, соның ішінде осы жылы Қазақстан аумағында "Аңырақай" бірлескен оқу-жаттығуын өткізу, биылғы Армия халықаралық ойындарының сайыстарына қатысу, арнайы операциялар күштерін даярлау іс-шаралары, сондай-ақ әскери білім шеңберінде әрі қарай өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны