23.10.2024, 15:56 63916

Қазақстан мен Қытай сейсмикалық оқшаулау саласында тәжірибе алмасуда

ҚазҚСҒЗИ" АҚ алаңында қытайлық Xinjiang Bishui Huichuang Environmental Protection Technology Co.,Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметінен.


Кездесу барысында қытайлық мамандар "ҚазҚСҒЗИ" АҚ қызметкерлерін сейсмикалық оқшаулау саласындағы нормативтермен таныстырды. Қытайдағы ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылатын стандарттар мен талаптар туралы айтты.

Сонымен қатар, қытайлық сарапшылар сейсмикалық оқшаулау жүйелерін жобалау және өндіру тәжірибесімен бөлісіп, өз технологияларының ғимараттарды сейсмикалық әсерден қорғауда қалай тиімді шешімдерді әзірлеуге көмектесетінін түсіндірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны