22.08.2024, 16:43 37891

Қазақстан Президенті кеншілерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті кеншілерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы шахтерлерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шахтер күні қарсаңында отандық көмір өнеркәсібі саласындағы жемісті еңбегі және кен игеру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ шахтер мен сала қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, 36 шахтер "Құрмет" орденінің кавалері атанды. 1 қызметкер ІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен, 27 кенші ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен марапатталып, 43 азамат "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны