26.06.2024, 10:14 42046

Қазақстан, Қытай және Ресей контейнерлік тасымалдардың бірыңғай цифрлық платформасын құруға ниетті

Қазақстан, Қытай және Ресей контейнерлік тасымалдардың бірыңғай цифрлық платформасын құруға ниетті
Қазақстан, Қытай және Ресей үш елді байланыстыратын маршрутта жүк тасымалын оңтайландыруда маңызды қадам жасауда, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен. 2024 жылғы шілденің басына жоспарланған алдағы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі шеңберінде Қытай-Қазақстан-Ресей маршрутында Бірыңғай цифрлық платформа (БЦП) құру туралы келісімге қол қойылады. БЦП кедендік ресімдеу, электрондық сауда және басқа да функцияларды біріктіретін интеграцияланған жіксіз жүйеге айналады. Бұл логистиканы едәуір жеңілдетуге, электрондық сауданы дамытуға жәрдемдесуге, кедендік рәсімдерді жеңілдетуге, сауда кедергілерін азайтуға, жеткізу тізбектерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. БЦП құру туралы келісімді "KTZ Express" АҚ (Қазақстан), "Славтранс-Сервис" АҚ (Ресей) және Xi'an Free Trade Port (Қытай) құрған "CRK Терминал" ЖШҚ бірлескен кәсіпорны әзірледі. Жобаны әзірлеуге және іске асыруға маршрутқа қатысушы мемлекеттердің уәкілетті органдары тартылатын болады. "CRK Терминал" ЖШҚ бұл бастамаға Alibaba, Pindouoduo, JD және 1688.com.-ды қоса алғанда басқа да ірі маркетплейстерді тартуды жоспарлап отыр "БЦП іске қосу логистикалық процесті едәуір жеңілдетеді", - деп атап өтті 'KTZ Express" АҚ Бас директоры Дәмір Қожахметов. -"Бұл жүк тасымалдауды оңтайландыруға ғана емес, сонымен қатар жобаға қатысушы елдерде бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді". Бірыңғай цифрлық платформа құру - Қазақстан, Қытай және Ресей арасындағы сауда және логистика саласында ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны