24.09.2024, 12:44 24931

Қазақстанда 2025 жылдың шілдесінен бастап кассациялық соттар жұмысын бастайды

Қазақстанда 2025 жылдың шілдесінен бастап кассациялық соттар жұмысын бастайды
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Кездесуде Жоғары сот кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері, атап айтқанда сот корпусын нығайтуға және жаңартуға, Сот төрелігі академиясын дамытуға, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды.

Дмитрий Малахов Сот кеңесінің рөлі күшейіп, судьяларға қатысты кадрлық мәселенің барлығы құзыретіне өткендіктен, бизнес-процестер мен конкурстық іріктеулерді цифрландыру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын жеткізді.

Президентке кассациялық соттар келесі жылдың 1 шілдесінен жұмысын бастайтыны туралы баяндалды. Оған дейін Кеңес судьяларды іріктеп, сот құрамын жасақтайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны