13.08.2024, 16:18 53971

Қазақстанда ТМККК және МӘМС үшін әкелінетін медициналық техниканың бағасын бақылау күшейтілді

Қазақстанда ТМККК және МӘМС үшін әкелінетін медициналық техниканың бағасын бақылау күшейтілді
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде Қазақстанда сатып алынатын медициналық технологиялық жабдықтың құнын бақылау күшейтілді. Бұл турлы ЖАП баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұған дейін мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын құрылыс жобаларының сметалық құнының негізділігіне аудит жүргізілді. Атап айтқанда, ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық бұйымдардың бағасына мемлекеттік сараптама жүргізу сапасына талдау жасалды. Нәтижесінде көп бейінді ауруханалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу кезінде алшақтық анықталды.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне сатып алудың нақты бағасы туралы анық ақпарат алу үшін медициналық жабдықтың құндық көрсеткіштерін мемлекеттік кірістер органдарымен салыстыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Биыл 27 маусымда шекті бағаларды реттеу мен қалыптастырудың тиісті қағидаларына қажетті өзгерістер енгізілді. Енді ТМККК және МӘМС үшін әкелінетін медициналық техниканың бағасын талдау моделі мен жинақталуына қарамастан, соңғы 12 айдағы инвойстың, шот-фактураның және кедендік декларацияның көшірмесі негізінде дежүргізілуі тиіс. Бұл ретте жабдықтың кедендік құнын растайтын құжаттарды қоса беру қажет.

Дереккөз - Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны