20.09.2024, 13:11 63081

Қазақстандағы денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындардың азаюы байқалуда

Қазақстандағы денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындардың азаюы байқалуда
Қазақстандағы денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындардың азаюы мен жеке шығындардың өсуі айқын байқалуда, деп жазады Мәжіліс депутаты Асхат Аймағмбетов телеграмда.

Жоғарғы аудиторлық палата денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындар туралы аудит жүргізіп, маңызды ақпарат берді:

Денсаулық сақтау шығындарының жалпы ішкі өнімге қатынасы: 2023 жылы 3,57%-ды құрады, ал 2021 жылы - 4,1%, 2022 жылы - 3,7%. Яғни азайды.

ЭЫДҰ елдерімен салыстыру: Қазақстанның денсаулық сақтау шығындары орта есеппен 3 есе төмен, бұл ДДСҰ ұсынған дамушы елдер үшін ең төменгі деңгейден де аз.

Бюджет шығындарының қысқаруы: 2018-2022 жылдар аралығында бюджет шығындарының өсуі байқалған болса, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш азайюда.

Жеке шығындар: 2017-2022 жылдар аралығында жеке шығындар екі есе өсіп, 1,5 трлн теңгеге жетті. Бұл ЖІӨ-дегі үлеске шаққанда 1,4%-ды құрады, ал денсаулық сақтауға ағымдағы шығындардан 38%-ды алады.

МӘМС қаржыларының өсуі: 2020-2023 жылдар аралығында МӘМС жүйесіне бөлінген қаражат көлемі 15,4%-дан 23,6%-ға дейін өскен.

Сақтандырылмаған халықтың өсуі: 2022 жылы сақтандырылмаған халықтың саны 3,5 млн адам болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 3,8 млн адамға дейін өсті.

Бұл деректер денсаулық сақтау саласындағы ағымдағы жағдайды айқын көрсетеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны