26.12.2022, 09:24 17601

Қазақстанда әйелдер 61 жасында зейнетке шығады

Қазақстанда әйелдер 61 жасында зейнетке шығады
Қазақстан Президенті заңнамаға енгізілген түзетулерге қол қойды

Астана. 26 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдерге 61 жасында зейнетке шығуға мүмкіндік беретін заңнамаға енгізілген түзетулерге қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - деді Ақорданың баспасөз қызметі.


Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті ұсынылды. Олардың бірі - 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде жоспарланған арттыруды 5 жылға тоқтата тұру.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны