29.07.2024, 12:54 22451

Қазақстанда ғылыми зерттеулер үшін 156 каспий итбалықтары алынады

Қазақстанда ғылыми зерттеулер үшін 156 каспий итбалықтары алынады
Ғылыми зерттеулер үшін сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлері мен басқа да су жануарларының шектеулі санын алып қою мақсатында, Үкімет Маңғыстау және Атырау облыстарының жағалауы бойынша Каспий теңізіндегі Дурнева, Тюленьи және Ремонтныешалыги (Ақтоты) аралдарындағы 156 каспий итбалықтарын ен салу мақсатында алып қою туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен. Ғылыми зерттеулер аяқталғаннан кейін, алынған дарақтар табиғи ортаға қайта жіберіледі. Бұдан басқа, Алматы облысы шегінде Іле, Қаратал өзендерінен, Балқаш көлінен және Қапшағай су қомасынан сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген арал пілмайын, Қызылорда облысы шегінде Сырдария өзенінен арал қаязын, Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысы шегінде, Ертіс өзені мен оның салаларынан тайменді, Павлодар облысы шегінде Ертіс өзенінен сыланды мекендеу ортасына шығара отырып, ғылыми мақсатта арнайы құрылған жағдайларда өсіру үшін алып қоюға рұқсат етіледі. Қазіргі уақытта ғылыми ұйымдар тиісті рұқсаттар алуда, содан кейін олар сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлері мен басқа да су жануарларын зерттеу және сақтау бойынша зерттеулерге кіріседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны