06.06.2024, 16:07 27961

Қазақстандық десантшылар Тәжікстандағы "Ирбис-2024" оқу-жаттығуына қатысуда

Қазақстандық десантшылар Тәжікстандағы "Ирбис-2024" оқу-жаттығуына қатысуда
Сурет: gov.kz
Екіжақты тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар Қазақстан мен Тәжікстан Қарулы күштері әскери қызметшілерінің қатысуымен өтіп жатыр. Іс-қимылдар "Магоб" оқу орталығында қызу үстінде, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бірлескен оқу-жаттығуды өткізу туралы шешім биылғы жылдың сәуір айында Душанбеде өткен штабтық келіссөздерде қабылданған болатын. Кездесуде тараптар Орталық Азия өңіріндегі террористік және діни-экстремистік ұйымдардың қызметіне байланысты әскери-саяси жағдайды, қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді талқылады. Осыған сәйкес оқу-жаттығудың мазмұны әзірленіп, таулы жерде ұрыс жүргізу тәсілдері модельденді.

Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлері мен қабылдаушы тараптың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің әскери қызметшілері таулы жерлерде оқу-жауынгерлік міндеттер кешенін пысықтайды.

Оқу-жаттығулар бөлімшелердің далалық дағдыларын жетілдіру, таулы жерде арнайы іс-шараларды орындау кезінде командирлердің бөлімшелерді басқаруда тәжірибе алуы, сондай-ақ екі ел Қарулы күштерінің бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасу мақсатында өткізіледі. Оқу-жаттығу 9 маусымға дейін жалғасады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны