26.08.2024, 19:04 25931

Қазақстандықтарға әскери жаттығуларға байланысты шектеу шаралары туралы ескертілді

Қазақстандықтарға әскери жаттығуларға байланысты шектеу шаралары туралы ескертілді
ҚР Қарулы күштерінің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 2024 жылғы 2-13 қыркүйек аралығында Жамбыл облысының "Мәтібұлақ" оқу полигоны базасында "Айбалта-2024" жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жауынгерлік дайындық іс-шаралары Абай, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарының аумағы бойынша күштер мен құралдардың қозғалысымен ұштасады. Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында биылғы жылдың 26 тамызынан бастап бөлімшелер аралас тәсілмен, яғни теміржол және автокөлік жолымен марш жасайды. Содан кейін тұрақты орналасу пунктеріне де солай оралады.

Көрсетілген уақыт кезеңінде еліміздің жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін.
 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны