17.03.2023, 14:10 15101

Қазақстандықтар жануарларға жасалған қатыгездік туралы жедел желі номеріне хабарлай алады

Қазақстандықтар жануарларға жасалған қатыгездік туралы жедел желі номеріне хабарлай алады
Жануарға қатыгездік жасау - жануардың өлуіне, жарақаттануына немесе денсаулығына басқа да зиян келтіруге әкеп соқтырған немесе әкелуі мүмкін қасақана әрекет

Астана. 17 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Енді жануарларға жасалған қатыгездік туралы ҚР Экология министрлігі жариялаған жедел желі номері арқылы хабарлауға болады.
 

Жануарларға қытегездік танытқан фактілер анықталған жағдайда +7 (777) 195 99 00 (WhatsApp) нөміріне хабарлауды сұраймыз", - делінген ведомствоның хабарламасында.

 
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 1 наурызынан бастап елде "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң күшіне енген болатын, ол иелердің жануарлардың өмірі, денсаулығы мен амандығы, оларды қатыгез қарым-қатынастан қорғау, тұрғындарды оларға адамгершілік көзқарасын тәрбиелеу үшін дербес жауапкершілігін көздейді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны