24.02.2023, 09:01 41731

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ми-8 пайдаланатын барлық әуе компанияларды тексереді

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ми-8 пайдаланатын барлық әуе компанияларды тексереді
Сурет: gov.kz
Бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті сертификаттар мен куәліктер тоқтатылады

Астана. 24 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду Ми-8 тікұшағымен болған әуе оқиғасына байланысты операциялық орталықтың шұғыл кеңесін өткізді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ми-8 типті тікұшағын пайдаланатын әуе компаниялардың қызметіне жоспардан тыс инспекциялық тексерулер жүргізеді", - деп хабарлады комитет.


Тексерулер нәтижелері бойынша жүйелі бұзушылықтар анықталған жағдайда ұшу қауіпсіздігінің барлық мәселелер шешілгенге дейін тиісті сертификаттар мен куәліктер тоқтатылады.

Операциялық орталық Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің апаттық жоспарын іске қосты, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады және тексеру жүргізу үшін құжаттар дайындалды. Әуе оқиғасы болған Ми-8 әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2022 жылғы 03 мамырда берілді. Тікұшақ 2021 жылғы 27 қаңтарда шығарылған. Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 2022 жылғы 14 сәуірде тіркелген (куәлік нөмірі 1273, әуе кемесінің мемлекеттік және тіркеу тану белгісі UP-MI874).

 "Қазавиақұтқару" АҚ-ның 2021 жылғы 1 қазанда Қазақстанның авиациялық әкімшілігі берген 2024 жылғы 1 қазанға дейінгі № KAZ-02/027 Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлігі бар. Әуе компания 33 тікұшақты пайдаланады (Ми-8 - 9 бірлік; Ми-171 - 2 бірлік; Ка-32 - 2 бірлік; ЕО-145 - 16 бірлік; Н-145 - 2 бірлік; Н-130 - 2 бірлік).

Естеріңізге сала кетейік, 23 ақпанда сағат 15.50-де Батыс Қазақстан облысы Чапурино елді мекенінен 6 км қашықтықта "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Ми-8 тікұшағы апатты жағдайда қонды. Тікұшақ құбырды тексеру бойынша ұшқан. ТЖМ деректері бойынша, бортта 6 адам болған - 5 экипаж мүшесі және "ҚазТрансОйл"АҚ-ның 1 өкілі. ТЖ нәтижесінде ТЖМ "Қазавиақұтқарудың" төрт қызметкері қаза тапты. Экипаждың екі мүшесі зардап шекті. ҚР Бас көлік прокуратурасының қадағалауымен ТЖ фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны