04.09.2024, 14:52 26116

"Қазавтожол"-дың бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталды: іс сотқа жіберілді

"Қазавтожол"-дың бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталды: іс сотқа жіберілді

ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотқа берілді, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.


Есіл өзені арқылы көпір салумен "Жақсы-Есіл - Бузулук" автожолын күрделі жөндеуге бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты тергеу аяқталды.

Тергеу нұсқасы бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басшылығы мердігерге негізсіз артықшылық білдіріп, мақсатсыз пайдаланылған 200 млн теңге көлемінде аванс бере отырып, бір көзден алу тәсілімен заңсыз шарт жасасты.

Көлік прокуратурасы істі Астана қаласының сотына жолдады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны