20.02.2023, 15:20 21751

Азимова Президентке Конституциялық соттың жұмысы туралы баяндады

КС төрағасы конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер мен конституциялық бақылау аясында жоспарланған шаралар туралы айтты
Астана. 20 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Кездесу барысында Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Конституциялық Сот өз жұмысын бастағаны, өкілеттігін жүзеге асыруға кіріскені, сондай-ақ биылғы 1 қаңтардан бері азаматтардан келіп түскен өтініштер жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Эльвира Азимова конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер мен конституциялық бақылау аясында жоспарланған шаралар туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық іс жүргізудің барлық сатысының ашықтығын және Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі туралы азаматтардың хабардар болуын қамтамасыз етудің, сондай-ақ Ата заңның сақталуына бақылауды күшейтудің маңызды екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық сот Қазақстанда осы жылдан бастап өз жұмысын бастады. Онда белгілі бір нормативтік-құқықтық актілер олардың конституциялық құқықтарын бұзады деп санайтын азаматтардың өтініштері қарастырылады. Конституциялық соттың құрамына ғылыммен айналысатын көрнекті ғалымдар, сондай-ақ әртүрлі салаларда көп жылдық тәжірибесі бар заңгерлер кірді. Президенттің пікірінше, Конституциялық сот Әділетті Қазақстанның айнасы болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны