23.12.2024, 17:05 4181

БҚО су қоймаларына шамамен 500 млн текше метр су жіберіледі

Батыс Қазақстан облысы бойынша "Қазсушар" филиалы лимандарға, көлдерге және су қоймаларына 500 млн текше метрге жуық су жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.

Батыс Қазақстан облысы бойынша "Қазсушар" филиалы көктемде тасқын суын қабылдау үшін 14 су қоймасын орта есеппен 50%-ға босатты. Бүгінгі таңда мекеме иелігіндегі су қоймаларында 247 млн текше метрге жуық бос орын бар.

Филиал су тасқыны кезеңінде лимандарға, көлдерге және су қоймаларына шамамен 500 млн текше метр су жіберуді жоспарлап отыр.

Бүгінгі таңда барлық су қоймалары қысқы жұмыс кестесіне ауысты. Яғни, біз тасқын суын қабылдау үшін бос орындар дайындап жатырмыз. Мысалы, Шолақаңқаты су қоймасы 70%-ға, Шаған су қоймасы 60%, Сұлусай су қоймасы 65%, Емболатов су қоймасы 50%-ға босатылды. Су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін су қоймаларынан су жіберу жұмысы жалғасуда",- деді Батыс Қазақстан облысы бойынша "Қазсушар" филиалының директоры Рауан Хусаинов.


Сондай-ақ, су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Батыс Қазақстан филиалы инертті материалдар және жанар-жағармай қорын әзірлеп жатыр. Жалпы ұзындығы 73,6 шақырым болатын канал механикалық әдіспен тазартылып, 6 нысан қалпына келтірілді, 13 гидротехникалық құрылыста ағымдағы жөндеу жүргізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны