19.08.2024, 21:01 51666

Балқашты сумен толтыру: Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендердің суын бөлу туралы келіссөздер жүргізуде

Балқашты сумен толтыру: Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендердің суын бөлу туралы келіссөздер жүргізуде
Қазақстан мен Қытай екі ел арасындағы трансшекаралық өзендердің суын бөлу мәселесі бойынша үкіметаралық келісім жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.

Екі мемлекеттің мамандары кіретін бірлескен жұмыс тобы құжатты әзірлеумен айналысады. Келісім жасаудағы негізгі міндет Балқаш көлін қалыпты деңгейде сақтауға кепілдік беретін су көлемінің түсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Министрлік Балқаш көлін қажетті су көлемімен қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөледі. Жыл басынан көлге 12 млрд текше метрден астам су жіберілді", - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны