24.09.2024, 18:10 23431

Бектенов Мемлекет басшысына жылыту маусымына дайындық барысын баяндады

Бектенов Мемлекет басшысына жылыту маусымына дайындық барысын баяндады
Президент Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысына барлық өңірде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде баяндалды. Әлеуметтік нысандардың дайындығы жоғары деңгейде. Тұрғын үйлердің жылыту маусымына әзірлігі бойынша жұмыс 98,3 пайызға орындалды. Электр станцияларына жыл сайын 60 миллион тонна көмір қажет. Қазір оның қажетті қоры бар.  

Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқыны салдарын жою жөніндегі бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы мен келесі жылы су тасқыны жағдайының алдын алу шаралары туралы айтылды. Зардап шеккендердің барлығына әлеуметтік қолдау көрсетіліп, бүлінген дүние-мүлкі үшін өтемақы төленді. Баспанасынан айырылғандарға  5 767 тұрғын үй сатып алынды және 2576 жаңа үй салынды. Ақмола мен Батыс Қазақстан облыстарындағы 104 нысанда жұмыс аяқталуға жақын. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары жүзеге асырылып жатыр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы еліміздің өнеркәсіп әлеуетін одан әрі арттыру және инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде бірқатар тапсырма  берді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны