03.09.2024, 18:52 39771

Бектенов МЖӘ жобаларын дайындау қорларын құруды тапсырды

Бектенов МЖӘ жобаларын дайындау қорларын құруды тапсырды, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысы кейіннен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуымен толық жүзеге асырылатын жобалардың сапалы пулын қалыптастыруды тапсырды.


Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігіне Қаржы министрлігімен және Қазақстандық мемлекеттік-жекешеЛік әріптесТікті дамыту орталығымен бірге халықаралық қаржы институттарын тарта отырып, оның ішінде мемлекет кепілдігімен қарыз тарту арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын дайындау қорларын құру мәселесін пысықтауды тапсырамын", - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сондай-ақ Үкімет отырысы барысында мемлекеттік қолдау шаралары жүйесінің күрделі екеніне назар аударылды - аталған мәселені Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті.

Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік қолдау шараларының ашық әрі тең қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін олардың тиімділігі тұрғысынан тексеру жүргізіп, бизнесті қолдау шараларының бірыңғай тізілімін қалыптастыру тапсырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны