30.10.2024, 15:30 61721
Биыл 28 жас маман ШҚО-ның шалғай аудандарының медициналық құрамын толықтырды
Достарға айту
Биыл 28 жас маман Шығыс Қазақстан облысының шалғай аудандарының медициналық құрамын, оның 15-і өте тапшы мамандықтар бойынша толықтырды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметінен.
Енді Тарбағатай аудандық ауруханасында жалпы практика дәрігерлері, анестезиолог-реаниматолог және стоматолог жұмыс істейді, олардың болуы ауылдық жерлерде медициналық көмекті жақсарту үшін ерекше маңызды.
Психиатрларды, рентгенологтарды, неонатологтарды, педиатрларды, травматологтарды, онкологтарды, стоматологтарды, кардиологтарды, хирургтарды және анестезиолог-реаниматологтарды қоса алғанда, білікті мамандардың келуі ауылдық денсаулық сақтау әлеуетін айтарлықтай арттырады.
Жас мамандардың келуімен біздің аурухана медициналық қызметтердің сапасын жақсартып қана қоймай, диагностика мен емдеуде, сервис бөлігінде инновациялар енгізуде. Өз жерлестеріне қызмет ету жолын таңдаған жастар - біздің медициналық болашағымыздың негізі", - деп атап өтті Тарбағатай ауруханасының бас дәрігері Елжан Манарбеков.
Жаңа қызметкерлердің қатарында анестезиолог-реаниматолог Қанат Ақылбеков, Семей медицина университетінің және Ұлттық медицина ғылымдары академиясының түлегі бар. Отанына оралған Қанат атасы, Ақжар ауруханасының бұрынғы басшысы бастаған медицинаға қызмет етудің отбасылық дәстүрін жалғастырды. Командаға сондай-ақ стоматолог Мөлдір Рымханова мен жалпы практика дәрігері Сейтқазы Асылзат қосылды, олар қажетті тәжірибе жинақтап, туған ауылдарының тұрғындарына көмек көрсету үшін оралды.
Шалғай аудандарда жұмыс істейтін жас дәрігерлерге мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Мамандарды ыңғайлы бейімдеу үшін әлеуметтік жеңілдіктер, көтерме төлемдер және тұрғын үй көзделген, бұл оларға ауылдарда медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттырудың маңызды міндетіне орналасуға және бейімделуге көмектеседі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
26.12.2024, 15:17 22376
Полицейлер ұшақ апатынан зардап шеккендерге арнап қан тапсырды
Достарға айту
Полицейлер ұшақ апатынан зардап шеккендерге арнап қан тапсырды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері ерікті түрде қан тапсыру акциясына қатысып, ұшақ апатынан зардап шеккендерге қолдау көрсетті. Бұл бастама құқық қорғау органдарының тек қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуде ғана емес, қиын сәттерде адамдарға көмек көрсетудегі маңызды рөлін айқындай түседі.
Айта кету керек, тәртіп сақшылары донорлық акцияларға тұрақты түрде қатысады: жеке құрамның айтарлықтай бөлігі жыл сайын тегін қан тапсырып, көмекке мұқтаж адамдарды қолдап келеді.
Оқиға орнында болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу-жедел тобы жұмысын жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2024, 15:14 22611
Бектенов Астанадағы Әзербайжан елшілігінің көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Әзербайжанның Астанадағы елшілігіне барып, Ақтау қаласының әуежайы маңында орын алған Az Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағының апатына байланысты ашылған көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
26 желтоқсанда Әзербайжанда қаралы күн жарияланды. Қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бұл қиын сәтте Қазақстан Үкіметінің және өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, әзербайжан халқына сабыр мен төзімділік тілеймін. Апат салдарынан зардап шеккендер тезірек сауығып кетсін дейміз. Біз бауырлас Әзербайжанға тиісті көмек қолын созып, жан-жақты қолдау көрсетеміз", - деп жазды Олжас Бектенов.
Бұған дейін Премьер-министр қаза тапқан қазақстандықтардың туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккен Әзербайжан, Ресей және Қырғызстан азаматтарына жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырған болатын. Ақтау қаласына келген қаза тапқан жолаушылардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек көрсетілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2024, 15:07 22946
Екібастұз ГРЭС-1 станциясының 500 МВт қуаттылықтағы энергоблогы пайдалануға берілді
Достарға айту
Екібастұз ГРЭС-1 станциясының 500 МВт қуаттылықтағы энергоблогы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметнен.
2024 жылғы 23 желтоқсанда Екібастұз ГРЭС-1 станциясының №1 энергоблогы толық қуатта 72 сағат бойы сәтті жұмыс істеп, пайдалануға енгізілді. 500 МВт қуаттылықтағы жаңа энергоблок еліміздің энергетикалық қуаттарын айтарлықтай арттырып, экономика мен халықты тұрақты және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
Энергоблокты салу жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асырудағы маңызды кезең болды. Екібастұз ГРЭС-1, елдің жетекші энергетикалық орталықтарының бірінде орналасқан, Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және индустриалдық дамуын қолдауда стратегиялық рөлін атқаруды жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2024, 15:01 23186
Қазақстандықтар ел банктерінде 5 триллион теңгеден астам қаражатты шетел валютасында сақтайды
Достарға айту
Бүгінде теңгенің әлсіреп тұрғаны анық, осы орайда халықтың шетел валютасындағы салымдарына шолу жасадық. Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың ел банктеріндегі шетел валютасындағы салымдары 5,3 трлн теңгені құрады. Бір жыл ішінде бұл сома өзгере қойған жоқ, ал жыл басынан бері тіпті 3%-ға кеміді, деп хабарлайды Ranking.kz.
Десек те, көрсеткіштің төмендеуі бүкіл секторда байқалмады. Жалпы, жыл басынан бері алты банк оң динамика көрсетті, олардың тек үшеуі Қазақстандағы ірі ЕДБ болып табылады.
Еліміздегі үздік банктердің арасында жыл басынан бері халықтың шетел валютасындағы салымдарының ең жоғары өсімі Bereke Bank-те тіркелді: салымдар бірден 30,2%-ға, 65,5 млрд теңгеге дейін артты. Қаржы институтының көрсеткіштеріне қарағанда, ол тек шетел валютасындағы салымдар бойынша ғана емес, сондай-ақ депозиттердің барлық түрлері бойынша да (валютаға қарамастан) үздік көрсеткішке қол жеткізіп отыр.
Екінші орынға Банк ЦентрКредит орналасты, ондағы шетел валютасындағы салымдар 3%-ға көбейді. Үздік үштікті Jusan Bank түйіндеді: жыл басынан бері 1,9%-ға өсім көрсетті.
Жоғарыда аталған банктер ғана үздік нәтиже көрсете алды, еліміздегі қалған ірі банктерде сегмент бойынша салымдардың теріс динамикасы байқалды.
Жалпы алғанда, ҚР ЕДБ-дағы халықтың шетел валютасындағы салымдарының динамикасы әртүрлі факторға байланысты. Біріншіден, мұндай салымдар табыс табудан гөрі жинақтау құралы ретінде қызмет етеді. Тиісінше, халық өнімнің тиімді шарттарына емес, қаржы институтына деген сенімге баса назар аударады. Екіншіден, банктердегі салымдардың динамикасы ұлттық валюта бағамының ағымдағы жағдайына, сондай-ақ халықтың болашақ бағам туралы болжамдарына байланысты.
Естеріңізге салсақ, 2024 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша АҚШ долларының бағамы 523 теңгені құрады - жыл басынан бері ұлттық валюта 15,4%-ға немесе 70 теңгеге жуық шамада әлсіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2024, 12:45 26526
Көлік министрлігі Әзербайжан Республикасы Үкіметімен бірлесіп жұмыс істейді
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы шеңберінде күн тәртібінен тыс Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апаты орнындағы Үкіметтік комиссияның жұмысы туралы есебі тыңдалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Құтқару қызметі іздеу жұмыстарын аяқтады. Ұшақ апаты салдарынан 29 адам ауруханаға жатқызылды, 38 адам қаза тапты. Пациенттер түрлі жарақаттармен, негізінен көптеген жарақатпен түскен. Жағдай тұрақтанғаннан кейін олар профильдер бойынша ауруханаға жатқызылды, толық көлемде ем алуда. Сондай-ақ санитарлық авиация желісі арқылы Астанадан Ұлттық шұғыл медицина орталығы мен жетекші республикалық орталықтардың жоғары білікті мамандары келді. Қазақстандық мамандардан бөлек РФ ТЖМ арнайы кеңесі мен Әзербайжан Республикасының санитарлық авиация бригадасы да келді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстары келеді, оларға облыс әкімдігі трансферт, орналастыру және тамақтану бойынша қажетті көмек көрсетеді. Психологтар тобы жұмыс істеп жатыр.
Өз кезегінде Көлік министрлігі Әзербайжан Республикасы Үкіметімен бірлесіп жұмыс істейді. Ертең Бразилияның авиациялық билігі мен Embraer 190 компаниясы келеді деп күтілуде. Түпқараған ауданында жергілікті техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша зардап шеккендерге толық көлемде медициналық көмек көрсетіліп қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қажетті қолдау шаралары көрсетілуде. Қазіргі уақытта жедел желі жұмыс істеп тұр, оған мыңнан астам қоңырау түсті.
Бірінші кезекте қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қазақстан Үкіметі мен уәкілетті органдар зардап шеккендерге және қайтыс болғандардың туыстарына барлық қажетті көмекті көрсетуде", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар Премьер-министр авиациялық қауіпсіздікті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Бұл қайғылы жағдай, бізге де ұшу қауіпсіздігі бойынша тиісті шараларды қабылдау керектігін білдіреді. Бірінші кезекте жоспардан тыс тексеру жүргізу және әуежайлардың, әуе кемелерінің техникалық жағдайын ерекше бақылауға алу қажет. Өткізіліп отырған іс-шаралардың шеңберінде отандық авиакомпаниялар экипаждардың біліктілігін, рұқсатнамаларын және құзыретін қайта тексеру керек. Сондай-ақ әуе оқиғаларына жедел ден қою мақсатында апаттық-құтқару жұмыстарын жетілдіру және мүдделі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету қажет.Орын алған жағдайдан осындай оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау үшін нақты ұсыныстарды әзірлей отырып дұрыс қорытынды шығару қажет", - деп атап өтті Премьер-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2024, 12:03 27466
Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі Комиссия құрды
Достарға айту
Деректерді ұсыну және азаматтық авиациядағы және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу қағидаларына сәйкес Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі Комиссия құрды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнында. Тергеп-тексерудің қырдағы кезеңі аясында жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстанға Әзербайжан Республикасы Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің делегациясы , сондай-ақ Azerbaijan Airlines (AZAL) авиакомпаниясының өкілдері келді.
Жұмыстар Әзербайжанның авиациялық билігімен бірлесе жүргізілуде.
Сондай-ақ, Қазақстанға Embraer әуе кемесін өндіруші компания өкілдері және CENIPA (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы, Бразилия) ұшып келеді.
Ақтау қаласына Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия құрамында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев, көлік вице-министрі Талғат Ластаев, көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің директоры Нұржан Малаев, Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева, "Қазаэронавигация" РМК бас директоры Нұржан Ахметов келді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2024, 17:17 55816
Президент ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету жұмысын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды
Достарға айту
Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру және зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оқиға орнында зардап шеккендерге толық қолдау көрсету үшін шаралар қабылданды. Төтенше жағдайлар қызметі 430-дан астам қызметкер мен 80-ге жуық техниканы жұмылдырды. 29 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендерге қажетті медициналық, психологиялық және басқа да көмек көрсетілуде. Апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Әзербайжан Үкіметімен бірлесіп шетел азаматтары мен қаза тапқан жолаушылардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілуде.
Президент зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету жұмысын ерекше бақылауда ұстауды және көршілес елдердің үкіметтеріне қажетті жәрдем көрсетуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2024, 17:13 56036
Ақтау қаласы маңында болған қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды
Достарға айту
Үкімет қаулысымен Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Az Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Комиссия құрамына Премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, төтенше жағдайлар, көлік, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кірді.
Комиссияға оқиға орнына дереу ұшып барып, ұшақтың апатқа ұшырау себептерін жан-жақты тексеруді қамтамасыз ету, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету шараларын қабылдау тапсырылды.
Қазақстан Үкіметі Әзербайжан Үкіметімен болған оқиғаның себептерін жан-жақты тергеу және алғашқы көмек көрсету бойынша бірлесіп жұмыс істеуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.12.2024, 12:03Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі Комиссия құрды 26.12.2024, 12:45 26086Көлік министрлігі Әзербайжан Республикасы Үкіметімен бірлесіп жұмыс істейді26.12.2024, 15:01 22746Қазақстандықтар ел банктерінде 5 триллион теңгеден астам қаражатты шетел валютасында сақтайды26.12.2024, 15:07 22506Екібастұз ГРЭС-1 станциясының 500 МВт қуаттылықтағы энергоблогы пайдалануға берілді26.12.2024, 15:14 22171Бектенов Астанадағы Әзербайжан елшілігінің көңіл айту кітабына жазба қалдырды
20.12.2024, 19:59 97766Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық өзендер арқылы суармалы су берілді20.12.2024, 19:44 96261Дубайда "Астана Опера" спектаклін 12 мың көрермен тамашалады20.12.2024, 19:42 85516Астанада Отбасын қолдау орталықтары жұмысының қорытындысы бойынша жиын өтті20.12.2024, 12:52 82981ҚМА Кинологиялық орталығының мамандары мен иісшіл иттер қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті орнатуға өз үлесін қосуда20.12.2024, 17:06 78006Қазақстан Ұлттық Банкі доллар айырбастау туралы мәлімдеме жасады
12.12.2024, 17:30 112061Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 111421Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды06.12.2024, 17:15 107021ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды13.12.2024, 19:00 102956Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды13.12.2024, 18:50 102836Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады