11.04.2025, 15:33 89021
Біз қатаңдатпаймыз, тек ретке келтіреміз - Тоқаев жаңа салық саясаты туралы пікірін білдірді
Біз қатаңдатпаймыз, тек ретке келтіреміз, деп Қасым-Жомарт Тоқаев салық реформасы жайында пікірін білдірді.
Жаңа Салық кодексін әзірлеуге тапсырма берген кезде мен мейлінше түсінікті, тұрақты әрі әділ салық саясатына көшу жөнінде міндет қойдым. Шын мәнінде, біз салық саясатын қатаңдатпаймыз, керісінше ретке келтіреміз. Қазіргі кодекс көп өзгеріске ұшыраған. Заңға тәуелді актілерге және жекелеген жағдайларда басқаша ереже қолданатын ерекшеліктерге толы. Кодекс оқып, түсінуге қиын құжатқа айналған. Соның салдарынан кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер оны әрқалай қабылдап, өз уәждерін алға тартады. Қаптаған жеңілдіктер мен салық режимдері кәсіпкерлердің бір бөлігіне артықшылық берсе, тағы бірі оған наразы. Ол да негізсіз емес. Бастапқыда салық жеңілдігі экономиканың белгілі бір салалары мен бизнестің нақты санаттарын қолдау мақсатында енгізілген еді. Бірақ кәсіпкерлер жеңілдікті бас пайдасына жаратып, салықтан жалтарып, бизнестерін бөлшектей бастады. Мұндай жағдайға біз жол бере алмаймыз. Қазақстан жаппай офшор аймағына айналып кетпеуі керек. Мұның бәрі салықты басқару жүйесін күрделендіріп, салық жүктемесі әділетсіз бөлінетін жағдайға әкеп соқты. Қазір Парламентте мүлдем жаңа Салық кодексі қаралып жатыр. Аталған құжат бизнестің де, мемлекеттің де мүддесін ескеріп, кәсіпкерлерді салықты дұрыс төлеуге ынталандыруға тиіс. Қосымша салық түсімдері даму бюджетін ұлғайтып, жаңа мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандар салуға мүмкіндік береді. Ашық және тұрақты салық жүйесі еліміздің инвестициялық әлеуетін күшейтеді. Осының бәрі азаматтардың әл-ауқатының жақсаруына, тұтас экономиканың өсіміне, яғни, түптеп келгенде, бизнестің дамуына өте тиімді әрі пайдалы болмақ. Әрине, осындай күрделі кезеңде бізге ең алдымен ауызбіршілік керек. Халқымызда "Ырыс ынтымақты елге барады" деген жақсы сөз бар. Ұйыса білген ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан жұртты ортақ мақсатқа жұмылдыру өте маңызды", - деді Мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.04.2025, 17:23 12686
Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды
Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Астанада ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды. Бұл лауазымға "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ басшысының экс-орынбасары Жанасыл Шаукентаев кірісті.
2014 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласының әкімдігінде түрлі лауазымдарды атқарды: қаланың Жер қатынастары басқармасы, қала әкімінің аппараты, қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және т.б. Соңғы жылдары "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.04.2025, 17:18 13156
"Алматы жастары": жеңілдетілген ипотека жас мамандарға тұрғын үй туралы арманын жүзеге асыруға қалай көмектеседі
Алматы жастары" - жас мамандар үшін ең сұранысқа ие жеңілдетілген тұрғын үй несиелеу бағдарламаларының бірі. Жеңілдік мөлшерлемесі жылдық 5% және бастапқы жарна-10%-ды құрайды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бағдарламаны пайдаланғандардың қатарында Жамбыл облысы Құлан ауылының тумасы, 30 жастағы инженер-технолог Жадыра Қайсарбаева да бар.
Қыздың айтуынша, ол алдымен Шұғыла шағынауданындағы "Алма Сити 5" тұрғын үй кешеніндегі алаңы 34 шаршы метрді құрайтын бір бөлмелі жалға берілетін пәтерде тұрып, айына 10 000 теңге төлеген. Кейін конкурстан өтіп, ипотека рәсімдеп, қазір Жадыра Қайсарбаева Шұғыла шағынауданында орналасқан "Шұғыла Сити" ТК-де ауданы 40 шаршы метр бір бөлмелі пәтердің иесі болды. Ипотека мерзімі-8 жыл, ал ай сайынғы төлем - 157 000 теңге.
Бастапқы жарнаға қажетті соманы жинау қиын болған жоқ, өйткені менде нақты мақсат пен темір тәртіп болды. Мен жаңа тұрғын үйіме және оның орналасқан жеріне өте қуаныштымын. Болашақта бұл ауданда метро станциясының ашылуы жоспарлануда, соның арқасында маған қаланың әртүрлі жерлеріне жету ыңғайлы болады", - деп бөлісті тұрғын үй бағдарламасының қатысушысы Жадыра Қайсарбаева.
Айта кетейік, қазір "Алматы Жастары" бағдарламасының шарттары әзірленуде, оның аясында "жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының жалға алушылары үшін 1 050-ден астам қарызға квота қарастырылған. Қарыз сомасын 18 миллион теңгеден 20 миллион теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап-2017 жылдан бері жеңілдікті шарттар бойынша 6 000-ға жуық адам жеке тұрғын үй сатып ала алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.04.2025, 17:14 13426
Қазақстан президенті Маңғыстау облысында су тапшылығын төмендету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды
Мемлекет басшысы Үкімет пен "Самұрық-Қазына" қорына аймақтағы су тапшылығын азайту үшін нақты шешім қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Бірінші. Облыстағы басты міндеттің бірі - тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Табиғи өсімге және көші-қон үдерісіне байланысты аймақтағы халық саны үздіксіз өсіп келеді. Бұл мәселе бойынша мен жаңа да айтып кеттім. Сондықтан ауыз су мәселесінің өзектілігі күн өткен сайын арта түседі.
МАЭК-тің су тұшыту қуаты жеткіліксіз болып тұрғанын білеміз. Соның кесірінен әсіресе, жаз айларында ауыз су тапшылығы қатты сезіледі. Үш қалаға және орталық құбыр желісі бар 59 елді мекенге ауыз су белгілі бір уақытта ғана беріледі. Су тапшылығы - күніне 23 мың текше метр.
Қазір су тұшытатын 6 зауыт пен қондырғы салынып жатыр. Кендірлідегі жоба іске қосылған соң, Жаңаөзен қаласының, Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдық округтерінің тұрғындарын таза сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Сондай-ақ қосымша жұмыс орындары ашылады. Бұл жобаны кешіктірмей, дер кезінде, яғни, мамыр айында аяқтау керек.
2023 жылы "Астрахань - Маңғышлақ" магистральді су құбыры жаңғыртылды. Оның су өткізу мүмкіндігі күніне 110 мыңнан 170 мың текше метрге дейін артты. Бірақ бұл құбыр батыс аймақтың суға сұранысын толық өтей алмайды. Оның үстіне, құбыр арқылы келетін суды әбден тазарту керек. Сондықтан судың өзіндік құны қымбатқа түседі. Үкімет "Самұрық-Қазына" қорымен бірге осы аймақтағы су тапшылығын азайту үшін нақты шешім қабылдауға тиіс",- деп мәлім етті президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.04.2025, 17:11 13731
Тоқаев Кендірлі курорттық аймағында салынатын әуежай құрылысын жеделдетуді тапсырды
Президент Маңғыстау өңіріндегі көлік-логистика инфрақұрылымының даму барысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуда маңызды рөлге ие басты логистикалық хабтың бірі - Ақтау халықаралық теңіз портына барды.
Бүгінде аталған нысандағы көпмақсатты заманауи терминал Шығыс - Батыс, Солтүстік - Оңтүстік бағыттары бойынша тәулік бойы жүк тиеу мен түсіру қызметін ұсынады. Порттың халықаралық көлік дәліздерінің тоғысында орналасуы ұлттық және өңірлік логистиканы нығайтуда айрықша стратегиялық мәнін көрсетеді.
Президентке Маңғыстау облысының көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту перспективасы, соның ішінде еліміздің транзиттік әлеуетін кеңейту және порт қуатын жаңғырту жоспарлары жөнінде баяндалды.
Көлік министрі Марат Қарабаев өңірде жалпы құны 1,9 триллион теңге болатын 24 инфрақұрылымдық жобаның жүзеге асырылып жатқанын айтты. Былтыр Транскаспий халықаралық көлік дәлізі бойынша жүк тасымалы 62 пайызға өсіп, 4,5 миллион тоннаға жеткен. Аталған бағытпен 358 контейнерлік пойыз, 27 мың автокөлік жүк тасымалдаған. Экспорт көлемі 3,2 миллион тоннаны құраған. 2028 жылға дейін бұл көрсеткішті 10 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Ақтауда контейнерлік хаб салынып жатыр. Бұл жоба порттың жүк өткізу қабілетін 140 мыңнан 240 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайтады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Кендірлі курорты аймағында жаңа әуежайдың құрылысы басталды. Әуежай сағатына 150 жолаушыны қабылдай алады. Кендірліні Алматы және Астана қалаларымен жалғайтын тұрақты әуе рейстерін ашу жоспарланған.
Бұдан бөлек, Орталық - Батыс және Бейнеу - Сексеуіл секілді ауқымды жол құрылысы жобаларын жүзеге асыру көзделген. Соның нәтижесінде басты бағыттардағы логистиканы оңтайландырып, транзит және экспорт жүктерін тасымалдау шығындарын едәуір азайтуға мүмкіндік туады. Атап айтқанда, Астанадан Ақтауға дейінгі жол 800 шақырымға, ал Қорғастан Ақтауға дейінгі арақашықтық 900 шақырымға қысқарады.
Мемлекет басшысы Кендірлі курорты аумағындағы әуежай құрылысын тезірек аяқтауды тапсырды. Президенттің айтуынша, Қазақстанды Еуразияның көлік-логистика хабына айналдыру жолында Маңғыстаудың алатын орны ерекше. Сондықтан оның әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Өйткені бұл міндеттің стратегиялық маңызы зор.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.04.2025, 17:03 13981
Елімізде Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді
Елімізде Қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама бекітілді. Тиісті қаулыны Үкімет қабылдады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Құжат қоғамда құқықтық мәдениет деңгейін нығайтуға және азаматтардың заңдарды сақтау маңыздылығын түсінуіне бағытталған.
Атап айтқанда, Тұжырымдама қоғамдағы құқықтық мәдениеттің қазіргі жағдайын талдауға негізделген заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету көзқарасын айқындайды. Тұжырымдаманы әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе де ескерілді.
Құжат құқықтық тәртіпті сақтауға, сыбайлас жемқорлық пен "көлеңкелі" әрекеттерге теріс көзқарас қалыптастыруға белсенді азаматтық қатысуды көздейді.
Бүгінде елімізде "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының негізгі элементі саналатын заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған реформалар белсенді түрде жүргізілуде. Аталған жұмыс әрі қарай да жалғасын табады.
Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын жүзеге асыру нәтижесінде қоғамда заңның үстемдігі туралы хабардар ету деңгейін арттыру көзделіп отыр. Аталған жұмыс шеңберінде заңнаманы одан әрі жетілдіру ісі жалғасады. Құжат азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сот төрелігіне қолжетімділікті әрі қарай да қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды іске асыруды көздейді. Азаматтардың құқықтық сауатын арттыру және осы білімін тәжірибеде қолдану мақсатында оқыту іс-шараларын ұйымдастыру жоспарлануда. Атап айтқанда, студенттерге құқықтық білім беру тәжірибесін енгізу нақты жағдайларда құқықтық білімді тиімді қолдану қабілетін дамытуға бағытталған оқытудың түрлі формаларына белсенді қатысуды қамтиды.
Құқық бұзушылықтардың алдын алуға және халыққа қызмет етуге; мемлекет пен қоғам ынтымақтастығының жаңа құралдарын енгізуге баса назар аудара отырып, мемлекеттік органдар ашықтығы мәдениетін қалыптастыруға, азаматтар үшін заманауи цифрлық қызметтерді іске қосуға, атап айтқанда, еGOV ашық деректерінің электронды үкімет функционалдығын дамытуға, сатып алуларға қоғамдық мониторинг жүргізуге бағытталған және басқа да мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметінің сервистік моделі тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар көзделеді. Бұл жұмысты атқаруға НҚА белсенді түрде қатысады.
Сонымен қатар кадр саясатын реформалау, полиция қызметкерлерін біліктілікті арттыру курстары, оқу-әдістемелік жиындарды өткізу арқылы даярлау, меритократия қағидатын нығайту, "soft skills" дамыту, сондай-ақ материалдық-техникалық жарақтандыруды жаңғырту жалғастырылады.
Ауқымды деректерді өңдеу үшін жасанды интеллектіні пайдалана отырып, ІІМ ситуациялық-талдау орталығының функцияларын кеңейту көзделеді: камералардан түсетін бейнеағын (бет әлпет пен нөмірді тану), әлеуметтік желілер (қауіп-қатерді бақылау), қылмыстық статистика (қылмыс ошақтарын болжау); жедел қызметтерді, дәлелдемелерді автоматты түрде салыстыру және тергеушілердің шешім қабылдауын қолдау бағдарламаларымен жабдықтау, сондай-ақ тергеушілерді ЖИ құралдарымен, тергеудің жаңа тактикаларымен (профайлинг, жауап алу әдістері, цифрлық криминалистика) жұмыс істеуге оқыту. Көрші мемлекеттермен бірлесіп, трансұлттық қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыру және ақпарат алмасу жоспарланып отыр.
Кешенді шаралар қабылдау нәтижесінде қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауда оң өзгеріс қалыптасып, заңдарға үстірт қараудан жауапты әрі саналы көзқарасқа ауысады деп күтілуде. Қоғамдағы әрбір азамат басқа адамдардың құқықтарын құрметтеп қана қоймай, құқықтық тәртіпті белсенді түрде сақтайды, бұл жалпы тәртіптің жақсаруына әкеледі.
Бұдан бөлек, қабылданған шаралар нәтижесінде халықтың мемлекеттік және құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтады деп күтілуде. Жалпы, мұның бәрі құқық бұзушылықтар санының төмендеуіне, азаматтарға қызмет көрсету сапасының жақсаруына, экономикалық тартымдылық пен инвестициялық ортаның жақсаруына әкелуі тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.04.2025, 16:58 14361
Air Astana рейстер кестесіне өзгерістер енгізілетінін хабарлайды
Air Astana 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астана әуежайының әскери парадқа дайындық жүргізілуіне байланысты күн сайын жергілікті уақыт бойынша 10:00-ден 13:00-ге дейін уақытша жабылуына орай рейстер кестесіне өзгерістер енгізілетінін хабарлайды.
Өзгерістер Астанадан Алматыға, Өскеменге, Франкфуртке және Дохаға, сондай-ақ Алматыдан, Атыраудан, Қостанайдан, Өскеменнен, Франкфурттен, Сеулден және Дохадан Астанаға ұшатын рейстерге әсер етеді. Өзгерістерге ұшыраған рейстердің жолаушылары брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы хабардар етіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.04.2025, 16:20 12931
Қазақстан мен Тәжікстан теміржолшылары екі елдің транзиттік мүмкіндіктерін дамытуға келісті
ҚТЖ" ҰК" АҚ басшылығы Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттіктің директоры Нұрмахмад Ахмадзодтың басшылығымен "Рохи охани Точикистон" МУК бастығы Комил Мирзоалидің қатысуымен Тәжікстаннан келген делегациямен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Тараптар теміржол көлігі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жүк тасымалдау көлемін ұлғайту, сондай-ақ көлік дәліздерінің тиімділігін арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды дамыту мүмкіндіктері қаралды.
Қазақстан мен Тәжікстан темір жолдарының қатысуымен жүктерді тасымалдау көлемінің өсуі байқалды. 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында шамамен 1,4 млн тонна тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8% артық.
Кездесу аясында тараптар одан әрі жемісті өзара іс-қимылға дайын екендіктерін білдірді. "ҚТЖ" ҰК" АҚ және "Рохи охани Точикистон" МУК басшылығы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы теміржол қатынасын дамытуға бағытталған әріптестік қатынастарды нығайтуға және бірлескен жобаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.04.2025, 15:52 14906
Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасын Ғалым Тоқпейісов басқарды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Ғалым Қасымұлы 1967 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданында дүниеге келген, білімі жоғары, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын "Жиделі" ұжымшарының жұмысшысы болып бастаған.
Әр жылдары "Қарой" ұжымшарының есепшісі, "Ақдала" күріш ұжымшары бригадирінің көмекшісі, еңбек жөніндегі экономисі, бөлім бастығы, Балқаш ауданы Ақдала ауылының әкімі, Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасының бастығы, Көксу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы әкімі аппараты бөлімінің меңгерушісі, Көксу ауданының әкімі, Алматы облысы жер қатынастары басқармасының басшысы, Балқаш ауданының әкімі, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Алматы облысының мобилизациялық дайындық басқармасы мен су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.04.2025, 15:52Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасын Ғалым Тоқпейісов басқарды 18.04.2025, 16:58 13981Air Astana рейстер кестесіне өзгерістер енгізілетінін хабарлайды18.04.2025, 17:03 13601Елімізде Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді18.04.2025, 13:48 13521Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты18.04.2025, 17:11 13351Тоқаев Кендірлі курорттық аймағында салынатын әуежай құрылысын жеделдетуді тапсырды
14.04.2025, 10:03 423712025 жылдың басынан бері жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен шамамен 5 млн қазақстандық қамтылған16.04.2025, 17:41 42236Бектенов CITIC Construction басшысы Ян Цзяньцянмен инфрақұрылымды дамытудағы ынтымақтастық мәселесін талқылады14.04.2025, 16:43 42101Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария портал құрылды14.04.2025, 17:52 42061Астанадағы санкцияланбаған қоқыс үйінділерінен 2,5 мың тоннаға жуық қалдық шығарылды14.04.2025, 16:40 41801Алатау ауданында 119 СЕСН бұзылды
21.03.2025, 18:05 127401Астанада Наурыз мерекесіне орай ерекше эко-киіз үй орнатылды20.03.2025, 18:41 126981ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов "Үміт" балаларды қолдау орталығына барып қайтты20.03.2025, 17:49 125361Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей "Теке" көлін қайтарды20.03.2025, 17:38 123661Тоқаевқа Қазақстандағы су тасқыны жөнінде баяндалды21.03.2025, 11:38 123006Астанада "Қош келдің, әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара өтті