Астанада "Қош келдің, әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара өтті
https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/962034
Астанадағы Достық үйінде "Қош келдің, әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі баспасөз қызметінен.
Оған дипломатиялық өкілдіктердің елшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, елордалық ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Құрметті, халайық. Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Өздеріңіз білетіндей, қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Қазіргі уақытта дәстүрге сай өздеріңізбен Достық үйінде бас қосуымыз жалғасуда. Бұл Наурыз мерекесі сонау тарихы терең ата-бабамыздан келе жатқан, бүгінде ұлт пен ұлыстың басын қосып, еліміздің мызғымас бірлігінің айқыны. Бүгінде бейбітшілік пен келісімнің нағыз көрсеткіші деп айтуға болады. Барлықтарыңызға дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін", - деді Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұқанов.
Іс-шара барысында қонақтардың назарына концерттік және ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды. Алаңда киіз үйлер мен алтыбақан орнатылып, қазандарда наурыз көже дайындалды. Театрландырылған қойылымдар, қазақтың салт-дәстүріне арналған көріністер көрсетілді.
Әр этнобірлестік мәдениетін таныстырып, ерекше өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ қол күрес, қазақша күрес, асық ату, гір көтеру сияқты спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Спорттық ойындардың жеңімпаздары алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Наурыз - көктемнің, жаңарудың, бейбітшілік пен бірліктің мерекесі. Бүгінгі Достық үйіндегі Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шара көпұлтты Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, салт-дәстүрлерді жаңғыртуға, ұлттық мәдениетімізді дәріптеуге бағытталған. Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын", - деді Астана қаласы ҚХА хатшылығының бас маманы Жанна Әбдуәлі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.