21.10.2024, 15:16 43281

Денсаулық сақтау министрлігі "Аналар саулығы" бағдарламасын әзірледі

Денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын сақтау және фертилдік жастағы әйелдердің денсаулығын нығайту мақсатында 8 іс-шарадан тұратын "Аналар саулығы" бағдарламасын әзірледі, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Учаскелік дәрігерлер оның денсаулығының индексін анықтау үшін, фертилдік жастағы жүктілікті жоспарлаған әрбір әйелді тексереді.

Жүктілікті жоспарлайтын әйелдер, жас қыздар мен жасөспірімдер ерекше бақылауда болады.

Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету үшін сауықтыру шаралары жүктілік басталғанға дейін гравидаралды даярлық түрінде жүргізіледі.

Гравидаралды даярлық - денсаулық жағдайын бағалауға және ерлі-зайыптыларды бала көтеруге, кейіннен жүктілікке және сау баланың тууына даярлауға бағытталған диагностикалық, профилактикалық және емдеу іс-шараларының кешені.

Еліміздің әрбір әйелі жас кезінен бастап уақтылы және сапалы медициналық көмек алуы маңызды.

Еліміздің әрбір әйелін емханаға барып, жүктілікті жоспарлау алдында тексеруден өтуге шақырамыз.

Бүгінгі таңда біздің елде 10 миллионнан астам әйел тұрады, оның 4,7 миллионы фертилдік жастағы әйел.

Олар отбасыларда орталық рөл атқарады. Әйелдер денсаулығын сақтау және нығайту - біздің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуымыздың негізі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны