27.06.2024, 20:18 73036

Еңбекминінің қарамағына мемлекеттік еңбек инспекциясын беру туралы заңға енгізілетін түзетулер мақұлданды

ҚР Парламент Сенатының депутаттары Палата отырысының екі оқылымында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңын қарап, мақұлдады, ол мемлекеттік еңбек инспекциясын орталық мемлекеттік органның қарамағына беруді көздейді.

Еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағына беру нәтижесінде оның аумақтық бөлімшелерімен мемлекеттік еңбек инспекциясының жеке ведомствосы құрылатын болады, мемлекеттік бақылаудың тікелей және тәуелсіз жүйесі құрылды және сол арқылы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау күшейтілді.

Заң және кадр қызметін орталықтандыру есебінен аумақтық инспекциялар деңгейінде тікелей еңбек инспекторларының саны ұлғайтылатын болады, бұның өзі мемлекеттік қызметшінің әрбір жұмыс істеп тұрған бірлігінен жұмыстың үлкен тиімділігін береді. Бұл өз кезегінде қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды, ел кәсіпорындарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ еңбек даулары мен жанжалдардың туындау тәуекелдерін азайтуға ықпал ететін болады.

Бұл ретте әкімдіктерде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия шеңберінде әлеуметтік диалог жүргізу, жұмыс берушілермен және кәсіподақтармен өзара іс-қимыл жасау, ұжымдық еңбек дауларының алдын алу жөніндегі функциялар сақталатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беру мәселесі Мемлекет басшысымен келісіліп, 2024 жылғы 22 мамырда Республикалық бюджет комиссиясы қарады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны