29.09.2021, 19:04 46085

ЕАЭО азаматтары қазақстандық кәсіпорындарда қашықтықтан жұмыс істей алады

НҰР-СҰЛТАН. 29 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілгені туралы хабарлады. Түзетулер ЕАЭО азаматтарына қазақстандық кәсіпорындарда қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграциялық процестерді ескере отырып, ҚР Еңбек кодексіне ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына Қазақстан аумағында орналасқан кәсіпорындарда қашықтықтан еңбек қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

 
Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта қашықтықтан еңбек қызметін жүзеге асыру үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің азаматын қабылдаған жұмыс беруші қай елдің заңнамасын қолдануға тиіс екенін регламенттейтін нормалар жоқ.
 
Осыған байланысты, қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру шеңберінде, жұмыс беруші ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында тіркелген жағдайда, мүше мемлекетте жұмыстарды орындайтын қызметкерлердің құқықтық жағдайын реттеу қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірленеді.
 
Бұдан басқа, ҚР Еңбек кодексіне ТЖ, ТО және басқа да шектеу шаралары кезеңінде қызметкерлерді қалыпты жұмыс режимінен қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру тәртібін оңайлататын түзетулер енгізілді. Сондай-ақ қызметтің ерекшелігін ескере отырып, қашықтықтан және әдеттегі жұмыс кезектесетін аралас жұмыс режимін пайдалану мүмкіндіктері жақсартылды. Сонымен қатар, жұмыс беруші мен қызметкердің аралас және қашықтан жұмыс режиміндегі құқықтары мен міндеттері және басқа да бірқатар өзгерістер көрсетілген.
 
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының басында Қазақстан Парламенті ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны