22.08.2024, 17:52 72811

Елімізде қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға уақытша тыйым салынды

Елімізде қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға уақытша тыйым салынды
2024 жылғы 19 тамызда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс Министрлігі № 304 "Қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруды реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығын қабылдады.

Бұйрықпен ҚР аумағынан қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ бұрын пайдалануда болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемінің элементтерін және жылжымалы құрамды темір жол көлігімен шығаруға уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Бұл норма отандық металлургиялық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету және тиеу мақсатында қабылданды, өйткені ел ішінде қайталама металдарды барынша қайта өңдеу неғұрлым жоғары қайта бөлу өнімдерін шығару, сондай-ақ экологиялық тазалық пен ең аз энергия шығыны үшін стратегиялық маңызды бағыт болып табылады.

Министрлік өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган ретінде соңғы бірнеше жыл ішінде ішкі және сыртқы нарықтарға бағдарлана отырып, болат өнеркәсібі өндірісін кеңейтуге бағытталған дәйекті жұмыстарды жүргізіп келеді. Бұл ұлттық өнеркәсіптік саясатты дамытудың негізгі элементі болып табылады.

Бұйрық 2024 жылдың 22 тамызынан бастап күшіне енеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны